11.10.2007, 16:17 3098

"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық шарасы өткізілген үш күннің ішінде жол қозғалысы ережесін бұзуға қатысты 1800 астам оқиға тіркелді - Астана қалалық ІІД

"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық шарасы өткізілген үш күннің ішінде жол қозғалысы ережесін бұзуға қатысты 1800 астам оқиға тіркелді.

Астана. 11-қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық шарасы өткізілген үш күннің ішінде Елордада жол қозғалысы ережесін бұзуға қатысты 1800 астам оқиға тіркелді. Бұл туралы бүгін өткізілген баспасөз мәслихатында Астана қалалық Ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының басшысы Орынбасар Қосанов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Үш күнгі жұмыс ішінде 1816 жол қозғалысы ережесін бұзу оқиғасы анықталды. Мұның ішінде, көлікті мас күйінде жүргізгені үшін 52 жүргізуші ұсталды", - деді О. Қосанов.

Сондай-ақ, оның мәліметтеріне сүйенсек, одан басқа 412 жүргізуші жылдамдық режимін бұзғаны үшін, 518 жүргізуші жол торабынан өткен кезде ереже бұзғаны үшін айыпталған. "50 жүргізуші жол белгілерін елемегендігі және жолдың қарсы бетіне өткені үшін, 17 - ережелерді жүйелі бұзғаны үшін, теміржол өткелдерінен өткен кезде (тыйым салынған белгіге қарамастан - "Қазақстан Бүгін" агенттігінің ескертпесі) және жолда апатты жағдай тудырғаны үшін әрқайсысынан сегіз жүргізуші жазаланды", - деді Ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының басшысы.

Оның мәліметіне сүйенсек, осы үш күннің ішінде олардан өзге жазаланған 82 жүргізуші көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарған.

"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық шарасы Қазақстанда 8-14 қазан аралығында жолдардағы жағдайды тұрақтандыру үшін және жол-көлік апаттарының санын азайту үшін жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны