31.03.2009, 15:19 6638

"ҚазАгроИнновация"АҚ-ның президенті тағайындалды

"ҚазАгроИнновация"АҚ-ның президенті тағайындалды

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазАгроИнновация"АҚ-ның президенті тағайындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ҚазАгроИнновация"АҚ-ның президенті болып Баян Илімғазинова тағайындалды.

Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің ғылым департаментінің директоры болған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің ғылым департаментінің директоры лауазымына Жандар Омаров тағайындалды. Ж. Омаров бұған дейін Агроөнеркәсіптік кешенді стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары болған.

Ал бұған дейін "ҚазАгроИнновация"АҚ-ның президенті қызметін атқарған Берік Оспанов Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны