24.01.2017, 20:53 6904

"Қазақ диаспорасы және Атамекенге оралу (1991-2012)" атты ұжымдық ғылыми монография жарық көрді

Илемніӊ 43 елінде тұрып жатқан шетелдегі этникалық қазақтардыӊ жалпы саны 4-4,5 млн адамды құрайды. Атажұртқа қайта оралған қазақтар республиканыӊ қазақ тұрғындарыныӊ 10% құрайды.

Алматы. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Дүниежүзі қазақтарыныӊ қауымдастығы "Қазақ диаспорасы және Атамекенге оралу (1991-2012)" атты ұжымдық ғылыми монографияныӊ тұсаукесерін өткізеді.

Тұсаукесер Дүниежүзі қазақтарыныӊ қауымдастығы орналасқан ғимаратта Ш.Ш. Уәлиханов көшесі, 43А үй, Жібек жолыныӊ қиылысы, 1 қабатта, 2017 жылдыӊ 25 қаӊтар күні (сәрсенбі) сағат 15.00-де өтпек.

Монография авторлары тарих ғылымдарыныӊ кандидаты Күлғазира Нұранқызы Балтабаева, Дүниежүзі қазақтарыныӊ қауымдастығы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Талғат Асылұлы Мамашев, тарих ғылымдарыныӊ докторы, профессор Жарас Ермекбай және философия ғылымдарыныӊ кандидаты, доцент Айтбала Баймағамбетова. Ғылыми редакторы - академик, тарих ғылымдарыныӊ докторы, профессор Саттар Мәжитов.

Қазақ диаспорасы дамуыныӊ тарихи тәжірибесі мен олардыӊ тарихи отандарына қоныс аударуы қазақстандық қоғамныӊ мемлекеттіӊ жаӊаша даму құрылысы кезеӊіндегі әлеуметтік маӊызды басымдықтарыныӊ құрамдас бөлігі болып табылады. Илемніӊ 43 елінде тұрып жатқан шетелдегі этникалық қазақтардыӊ жалпы саны 4-4,5 млн адамды құрайды.

Атажұртқа қайта оралған қазақтар республиканыӊ қазақ тұрғындарыныӊ 10% құрайды. Қазақтардыӊ Атамекенге оралуы елдегі қазақ саныныӊ табиғи саныныӊ және олардыӊ өсім салмағыныӊ артуына ықпал етті.

Мазмұны мен көлемі жағынан ауқымды - 10 тарау, қатты мұқабадағы 37 баспа беттен тұратын - бұл монография қазақ диаспорасы, көші-қон саясаты, демография және диаспорология тарихыныӊ мәселелеріне қызығушылық танытқан көпшілікке жалпылай арналады. Кітап географиялық, пәндік және атаулы көрсеткіштермен, қысқарған сөздер тізімімен, сондай-ақ түрлі-түсті суреттермен жабдықталған.

Монография "Самұрық-Қазына" Акционерлік қоғамыныӊ қолдауы бойынша шығарылды, деп хабарлайды Дүниежүзі қазақтарыныӊ қауымдастығы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны