01.06.2018, 13:07 9258

Қазақ интеллигенциясыныӊ болашағына құйылған жаӊа инвестиция

740 беттік оқулықты ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ісі Нархоз университетініӊ Менеджмент кафедрасына жүктелген. Кітапты аударуға 5 адам қатысып, төрт айдыӊ ішінде оны қазақша сөйлетті.

Алматы. 1 маусым. Kazakhstan Today - "Жаӊа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық" жобасы бойынша тәржімаланған он сегіз еӊбектіӊ бірі - Рикки Гриффинніӊ "Менеджмент" кітабы.

740 беттік оқулықты ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ісі Нархоз университетініӊ Менеджмент кафедрасына жүктелген. Кітапты аударуға 5 адам қатысып, төрт айдыӊ ішінде оны қазақша сөйлетті.

Бір жылға созылған жұмыс барысы қалай өткенін білу үшін аталған кітаптыӊ ғылыми редакторы, профессор Самажан Өмірзақов пен кітап аудармашыларыныӊ бірі Гүлнар Абдуллинамен сұхбаттасқан едік.

- Самажан Ынтықбайұлы, еншілеріӊізге түскен ғылыми аударма жұмысын қалай ұйымдастырдыӊыздар?

- Рикки Гриффинніӊ 1984 жылы жарық көрген кітабы әлемніӊ жетекші университеттерінде оқытылып келеді. Ұлттық аударма бюросыныӊ талабы бойынша аударылатын оқулық кем дегенде баспадан үш рет жарық көруі тиіс. Рикки Гриффинніӊ кітабы 12 рет басылып шыққан. Нархоз универ-ситетініӊ "Экономика және менеджмент" мектебіндегі Менеджмент кафедрасы көп жылдан бері осы пән бойынша дәріс өткізіп әрі тәжірибелік сабақтар жүргізіп келеді. Сондықтан бұл оқулық біздіӊ еншімізге берілген сияқты. Аударма ісіне бас-аяғы бес адам қатысты.

Жұмысты бастамас бұрын аудармашылар тобымен кітаптыӊ бірінші тарауынан соӊына дейін бірізділікті сақтау үшін терминдерді қалай пайдаланамыз, кім қандай бөлімдерді аударады, аударма беттері қанша күн ішінде өткізілуі тиіс деген мәселелерде ортақ шешім қабылдау үшін жоспар жасап, ақылдастық. Ирбір аудармашыға белгіленген уақыт ішінде аударылуы тиіс беттер саны бекітіліп, кейін оларды ортаға салып, талқылап отырдық. Сөз теру, сөз тіркестерін ұтымды пайдалануға қатты мән бердік. Жұмыс барысында экономикалық және қазақ орфографиялық сөздіктері пайдаланылды.

Атам қазақтыӊ "көз қорқақ, қол батыр" деген сөзініӊ жаны бар. 2017 жылы шілде айында басталған аударма жұмыстары қараша айында аяқталды. Бұл жұмыстан кейін дайын болған оқулықты алдымен ғылыми редакциялау басталды. Бұл кезде де оқулық бойынша бірізділік пен терминдерді мазмұны мен маӊыздылығына сәйкес пайдалану көзделінді. Содан кейін оқулық әдеби редакциялаудан өтті. Оқулықтыӊ ағылшын тіліндегі түпнұсқасында берілген суреттер мен кестелер, компаниялардыӊ атаулары сол күйінде әрбір бетіне дейін сақталып, қазақ тілінде шықты. Редакциялаудан өткізілген түпнұсқа кітап Ұлттық аударма бюросына өткізілді.

- Гүлнар ханым, аударма барысында қандай да қиыншылықтар мен даулы сұрақтар болды ма?

- Ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне кітап аударудағы бұл біздіӊ тұӊғыш тәжірибеміз. Кітап әлі орыс тіліне де аударылмаған. Жоспарға сәйкес өзіміздіӊ дәріс беретін бағыттарымыз бойынша бөліп алдық. Жұмыс кезінде курстыӊ мазмұнын жоғалтып алмайтындай, автордыӊ көзқарасы тұрғысынан, соған лайықты аударып, оқырманға түсінікті болуын мақсат тұттық. Ир автордыӊ өзіне тән қолтаӊбасы мен стилі болатындықтан, біз соны жоғалтып алмауды көздедік. Екінші мәселе - терминология. Кітапты аударған топ мүшелерімен және Ұлттық аударма бюросыныӊ мамандарымен әлемдік қолданыстағы жалпыға түсінікті терминдерді аудармай, сол күйінде береміз деп бірауыздан келістік. Мәселен, менедж-мент, процесс, процент сияқты сөздер сол күйінде қалдырылды. Ағылшын тілін біледі екенбіз деп оқулықты тікелей аудара салу жарамайтынын білесіз. Аударманы менеджмент пәнініӊ болмысына жақындатуға, оныӊ өзіне тән қыр-сырларын дәл солай беруге мән бердік. Жетекші бизнес саласыныӊ мамандары мен ғалымдардыӊ сөздерін аудару кезінде пікірталастар болды. Түпнұсқадан алыстатпай сол күйінде беру үшін көп күш жұмсадық.

Аударма ісі өте қызықты әрі мұқият көӊіл бөліп, аударуды қажет ететін дүние. Шығармашылыққа арнайы уақыт болмағандықтан, дәрістеріміз бен ғылыми жұмыстарымыз бар, бәрін қатар алып жүруге тура келді. Дегенмен, бұл аударма ісі біздіӊ біліміміздіӊ түйіні мен тәжірибеміздіӊ көрсеткіші болған секілді.

- Бұл кітаптыӊ осы мазмұндағы еӊбектерден айырмашылығы не?

- Басты айырмашылығы болар, менеджментпен бірге стратегиялық менеджменттіӊ де элементтері бар. Ирбір тақырыптар тереӊ талданып, кейстармен бекітілген. Кейс - жағдайлық оқиғалар. Ол студенттердіӊ теорияны тәжірибе жүзінде түсініп, іске асыруына бірден-бір көмекші құрал. Дамыған елдердегі компаниялардыӊ тәжірибеде пайдаланып, жақсы нәтиже көрсеткен кейстарымен қатар, дұрыс пайдалана алмай сәтсіздікке ұшыраған компаниялардағы жағдайлар бар. Адамдардыӊ мінез-құлқы, психологиясы, көшбасшылық қасиет тереӊ талданған. Адам ресурстарын басқару деген тақырыптыӊ ішінде белгілі компания алынады, ондағы пайдалы, еӊ қажетті, құнды әдістер қандай? Оларды қалай пайдаланып, сол арқылы жетістікке жетуге болады деген сауалға жауап берілген. Ирбір кейстан кейін студенттерге, оқырмандарға ой саларлық сұрақтар қойылған. Біз соларды студенттерге тапсырма ретінде бергенбіз, сабақ өте қызу өтті.

- Самажан Ынтықбайұлы, бұл кітапты кімдерге оқуға кеӊес бересіз?

- Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласы қоғамдық сананы жаӊғыртуды көздейді. Ал қоғамдық сананы гуманитарлық ғылымдар қалыптастыратыны белгілі. Мақаладағы көзделген мақсат -халықтыӊ тұрмыс-тіршілігін, болмысын, салт-дәстүрін жаӊғырту. Алдағы екі жылда толықтай қазақ тіліне аударылуы тиіс 100 оқулықты қазақ интеллигенциясыныӊ болашағына құйылған жаӊа инвестиция дер едім. Рикки Гриффинніӊ кітабын студенттер, магистранттар, докторанттар, мұғалімдер мен мемлекеттік орган басшылары ғана емес, сондай ақ ұлттық экономиканыӊ барлық саласыныӊ түрлі деӊгейлерінде қызмет атқаратын мамандар оқыса, пайдалы болмақ. Егер кітаптыӊ өзі қолыӊызға түспеген болса, оны Ұлттық аударма бюросыныӊ сайтынан электронды нұсқасын жүктеп алып, оқуға мүмкіндік бар. Он сегіз мыӊ данамен шығарылған оқулық еліміздіӊ жоғары оқу орындарына 1000 данадан таратылады. Кітаптарды аударуға қатысқан оқытушыларға кітап мазмұны бойынша видеодәріс дайындауға тапсырма берілген болатын. Алдағы жаӊа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарында аударылған осы оқулықтар пән ретінде оқытылады.

- Сұхбаттарыӊызға рахмет!

Иӊгімелескен -

Исел ДАҒЖАН

"Алматы ақшамы" газеті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны