09.07.2009, 11:00 1627

Қазақ тілін дамытуға бағытталған таңдаулы жобалар іріктелді

Қазақ тілін дамытуға бағытталған таңдаулы жобалар іріктелді

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақ тілін дамытуға бағытталған таңдаулы жобалар іріктелді. Мемлекеттік тілді дамыту қорында сұрыпталған 24 қоғамдық жобаға 24 млн теңге бөлінді. Бұл жөнінде кеше Астанада өткен баспасөз мәслихатында қор директоры Берік Ибдіғалиев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Берік Ибдіғалиевтің хабарлағанындай, Астана күні қарсаңында 24 үздік жобаның авторлары Мемлекеттік тілді дамыту қорының грантын жеңіп алды. Қазақ тілінің көсегесін көгерту жолындағы өз идеялары үшін олардың әрқайсысы 100 мың теңгеден 3 млн теңгеге дейінгі қаржыға қол жеткізді.

Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша, еліміздің 12 өңірінен және Ресейден президенттік қордың грантынан үмітті 107 өтініш келіп түскен.

"Менің ойымша бұл жаман нәтиже емес, тілге деген жанашыр жұрттың белсендігілі қуантады. Тіпті қоғамның өзі қазақ тілінің кең қанат жаюын аңсап отырғандай. Сондықтан біз қордың алғашқы грантын бөлуде жан-жақты саралап, барлық талаптарды орындауға тырыстық", - дейді Б.Ибдіғалиев.

Мысалы, оның айтуынша, төрт бірдей грант жаңадан құрылатын қазақ тіліндегі web-сайтқа берілді. Байқау комиссиясы мүшелерінің айтуынша, бүгінгі таңда жалпы интернет айдынындағы ақпараттың үш-ақ пайызы қазақ тілінде екенін ескерсек, бұл шешімге ешкімнің дауы бола қоймас.

Сонымен бірге әр салада қазақ тілінің мүддесіне қызмет етіп жүрген 5 адам арнайы диплом және 150 мың теңгелік сыйлықпен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны