18.06.2018, 16:11 4489

«Қазақфильм» киностудиясы мен белорустық киностудия ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдері кинофестивалініӊ конкурстық бағдарламасына 23 кинолента қатысып отыр. Олардыӊ арасында екі отандық картина - режиссер Рүстем Ибдірашевтіӊ "Алмас қылыш" тарихи фильмі және режиссер Талғат Теменовтыӊ "Біздіӊ қаланыӊ ханзадасы" мелодрамасы. Жалпы кинофестиваль көрермендерініӊ назарына 60 картина ұсынылмақ.

Алматы. 19 маусым. Kazakhstan Today - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясында Кытайдыӊ курорттық Циндао қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отырған кинофестивальде Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы мен "Белорусьфильм" ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Кинематография саласы мен мәдени байланыстарды дамыту мақсатындағы құжатқа қол қою рәсіміне Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ Вице-президенті Дәурен Ибдіхамитов пен "Белорусьфильм" ұлттық киностудиясыныӊ бас директоры Владимир Карачевский қатысты.

Меморандум бірлескен киноөндіріс сауалдарын реттеуге бағытталған. Сонымен қатар, құжатта киноөндірісті ұйымдастыруға ықпалдастық ету, кинотуындыларды жылжыту және дистрибуциясын жасау, кинематография саласындағы мамандарды тағылымдамаға жіберу мәселелері де қамтылған.

Ынтымақтастық туралы келісімді сөз ете келе "Қазақфильмніӊ" Вице-президенті Дәурен Ибдіхамитов, аталмыш меморандум екі елдіӊ кинематография саласындағы байланысы мен достық қарым-қатынасы жолындағы маӊызды қадам екенін баса айтты.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдері кинофестивалініӊ конкурстық бағдарламасына 23 кинолента қатысып отыр. Олардыӊ арасында екі отандық картина - режиссер Рүстем Ибдірашевтіӊ "Алмас қылыш" тарихи фильмі және режиссер Талғат Теменовтыӊ "Біздіӊ қаланыӊ ханзадасы" мелодрамасы. Жалпы кинофестиваль көрермендерініӊ назарына 60 картина ұсынылмақ.

Сонымен қатар, фестивальде көрермендер Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген басқа да картиналарды тамашалай алады. Олар: режиссер Ақан Сатаевтыӊ "Анаға апарар жол" әскери драмасы және режиссер Сәбит Құрманбековтыӊ "Оралман" картинасы.

Үздіктерді 12 кәсіби маманнан тұратын қазылар алқасы анықтайтын болады. Қазылар алқасыныӊ төрағасы танымал қытайлық продюсер Хань Саньпин. Айта кетелік, қазақстандық режиссер, продюсер Сергей Азимов негізгі конкурстыӊ жюри қатарында.

Қатысушыларды "Үздік фильм", "Үздік режиссура", "Үздік сценарий", "Үздік ер адам рөлі", "Үздік әйел адам рөлі" номинациялары бойынша және қазылар алқасы тағайындаған арнайы жүлдемен марапаттайды.

17 маусымға дейін жалғасатын ШЫҰ аясындағы кинофестивальді ҚХР мемлекеттік кинематография басқармасы мен Шаньдун провинциясыныӊ әкімшілігі ұйымдастырып отыр.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны