29.06.2017, 14:52 3851

"Қазақфильм" сценарийлер байқауыныӊ жеӊімпаздарын анықтады

Конкурсқа отыздан астам қысқаметражды көркем фильмдер сценарийлері түскен. Олардыӊ ішінен бес жұмыс іріктеліп алынған.

Алматы. 29 маусым. Kazakhstan Today - Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ жанындағы "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігі сценарийлер байқауыныӊ жеӊімпаздарын жариялады.

Конкурсқа отыздан астам қысқаметражды көркем фильмдер сценарийлері түскен. Олардыӊ ішінен бес жұмыс іріктеліп алынған. "Дебют" ШӨБ таӊдауы Қайыржанова Венераныӊ "Тығылмақ", Баймұратов Арманныӊ "Тақия", Рахметалиев Аленныӊ "Төзім", Жаханов Беріктіӊ "Кешірім" сондай-ақ, Жылысбаева Ардақтыӊ "Жұт" сценарийлеріне түскен.

"Қазақфильм" АҚ Эксперттік кеӊесініӊ теӊтөрағасы Бекболат Шекеров іріктеу үрдісі туралы айтып берді:

- Бізге жіберілген сценарийлердіӊ ішінен бесеуін іріктеп алдық. Олардыӊ барлығы үстіміздегі жылы өндіріске жіберіледі. Төрт туындыныӊ режиссері авторлардыӊ өздері болмақ. Ал "Жұт" сценарийін Еспенбетов Жандос есімді жас режиссерге беруді жөн санадық. Мұндай тәжірибе "Дебют" ШӨБ -де көптен бері жасалынбаған болатын.

Естеріӊізге сала кетейік, сәуір айыныӊ ортасында "Қазақфильм" "Дебют" ШӨБ атынан сценарийлер байқауын жариялаған болатын. Шарт бойынша байқауға жас авторлармен қатар өз ісініӊ кәсіби мамандары да қатыса алатын. Қатысушылардыӊ қатарында: Кенжебек Шайқақов, Ғазиз Насыров, Ардақ Жылысбаева және Тимур Мақажанов сияқты тәжірибелі авторлар да болды.

Айта кету керек, "Қазақфильм" қысқаметражды көркем картиналарды 1959 жылдан бастап өндіреді. Кейінірек киностудияда "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігі құрылып, бүгінде оны Анар Қашағанова басқарады. Көптеген жылдар бойы "Дебют" ШӨБ жыл сайын жаӊа есімдерді ашады, жас кинематографистердіӊ танылуына мүмкіндік береді. Бірлестіктіӊ басты мақсаты - жас кинематографистерді сценарий жазудан бастап пост-продакшнға дейінгі кино өндірісініӊ үдерісімен таныстыру.

Іріктеуден өткен сценарийлердіӊ аннотациялары:

"Төзім"

Сценарий авторы әрі режиссері: Рахметалиев Ален

Анар мейрамханада еден жуушы болып істейді. Оныӊ күйеуі мүгедек, сондықтан тұрмыстағы бар ауыртпалық Анардыӊ мойнына жүктелген. Алайда жолына кезіккен жігіттіӊ қолынан ұстап, өмірін өзгертуге бара ма екен?..

"Тығылмақ"

Сценарий авторы әрі режиссері: Қайыржанова Венера

Бұл екі кішкентай қыз туралы оқиға. Ересектер проблемасына куә болған олар балалар әлеміне жасырынбақ болып, көшеде "тығылмақ" ойнайды.

"Тақия"

Сценарий авторы әрі режиссері: Баймұратов Арман

Мегаполисте қарапайым адами қарым-қатынасқа орын қалмаған секілді. Үлкен қала өмірі күнделікті күйбеӊмен өтеді. Осынау қауырт тіршілікті балконынан бақылайтын Мақсұт есімді қарт кісі өз өмірін өзгертпек болады.

"Кешірім"

Сценарий авторы әрі режиссері: Жаханов Берік

20 жасар Асан көп жылдардан бері араласпай кеткен әкесініӊ қайтыс болғанын естиді. Суыт хабарды естіген ол анасы және нағашысымен бірге әкесін соӊғы сапарға аттандыру үшін жолға шығады. Асан жол бойы әкесін еске алады. Фильм әке мен баланыӊ қарым-қатынасы туралы баяндайды.

"Жұт"

Сценарий авторы: Ардақ Жылысбаева

"Жұт" - бұл 1932 жылы Қазақстанныӊ және КСРО-ныӊ басқа да аймақтарында совет билігімен қолдан жасалған жаппай ашаршылық пен репрессия қасыретін кешкен отбасы туралы фильм.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны