11.10.2017, 16:05 4335

"Қазақфильмде" "Балуан Шолақ" тарихи көркем фильмініӊ түсірілімдері аяқталды

Айта кетейік, фильмге екі бірдей трейлер және екі саундтрек әзірленіп жатыр. Шығармашылық топ оларды жақын арада көрермен назарына ұсынады. Фильм жылдыӊ соӊында көрермен назарына ұсынылады деп жоспарлануда.

Алматы. 11 қазан. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша өндіріске жіберілген "Балуан Шолақ" көркем фильмініӊ түсірілімдері аяқталды. Фильм -режиссер Нұргелді Садығұловтыӊ көркем фильмдегі алғашқы қадамы.

Қазіргі таӊда фильмніӊ өндірістегі ақырғы монтаждау кезеӊі жүріп жатыр. Аталмыш тарихи туынды әнші және композитор, аты аӊызға айналған балуан Балуан Шолақ туралы баяндайды.

- Қазір монтажды бітіргелі отырмыз. Монтаж - фильмніӊ үшінші және соӊғы рет туылатын сәті. Монтажға көп уақытым кетті, себебі түсірілген материал ауқымды әрі қызықты. Монтаждыӊ соӊғы нұсқасын ''Қазақфильмніӊ'' Эксперттік кеӊесіне көрсетеміз. Содан кейін ғана дыбыстау жұмыстары, графика және түстеу жасаймыз, - деді Нұргелді Садығұлов.

Сондай-ақ, режиссер Бурабайда өткен түсірілімдер туралы да сөз етті: Көкшетаудағы түсірілімдер өте сәтті өтті деп ойлаймын, себебі мен үшін табиғат таптырмас актер. Түсірілім кезінде жаӊбыр жауып, боран болды. Соған қарамастан түсірілім топ та, актерлер де бір адамдай жұмыс істеді. Соныӊ арқасында алдымызға қойған мақсатымызға қол жеткіздік. Монтаждап болған соӊ, эпилог керек деген шешім қабылдадым. Фильмніӊ эпилогын түсірсек фильм әсерлі әрі тақырып кеӊінен ашылады деп сенем .

Фильмніӊ түсірілімдері Алматы облысы, Павлодар қаласы және Бурабайда өткен. Алматы облысы Кеген және Жалаӊаш ауылдарында фильмніӊ негізгі бөлігі түсірілген. Көпшілік сахналарға үш жүзге жуық адам қатысқан. Режиссердіӊ айтуы бойынша фильмде компьютерлік графика көп жасалады. Көрермен қауымнан біраз ақпаратты жасырып қалғысы келген режиссер бұл жөнінде көп тоқталмады. Десе де, режиссер фильмді түсірудегі басты мақсаты жайында айтып қалды: Еӊ бастысы мен үшін Балуан Шолақтыӊ бейнесін үлкен экранға әкелу және сол дәуірді көрсету. Қаншалықты сәтті немесе сәтсіз шықанын экран көрсетеді. Түсірілген материал жүз пайызға ұнайды деп айта алмаймын. Кейде монтаждан ашумен кетемін, кейде қуанышпен шығам. Актерлердіӊ барлығы да барын салды. Десе де, Балуан Шолақтыӊ рөліндегі Еркебұлан Дайыров, Ақылбайды сомдаған Медғат Өмірәлиев пен Долгоносовты ойнаған Александр Багрянцевті ерекше атап өткім келеді.

Айта кетейік, фильмге екі бірдей трейлер және екі саундтрек әзірленіп жатыр. Шығармашылық топ оларды жақын арада көрермен назарына ұсынады. Фильм жылдыӊ соӊында көрермен назарына ұсынылады деп жоспарлануда.

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

Сценарий авторы: Д.Исабеков

Қоюшы режиссер: Н.Садығұлов

Қоюшы оператор: Р.Қосай

Қоюшы суретші: Е.Сүлейменов

Киім суретшісі: М.Торыбаева

Арт-продюсері: С.Ибдіхалықов

Атқарушы продюсері: Б.Байназаров

Анықтама: Садығұлов Нұргелді Серікұлы

Білімі:

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (1998 - 2002жж.) Мамандығы: деректі кино және ТВ режиссері

С.А. Герасимов атындағы бүкілресейлік мемлекеттік кинематография. (2006 - 2010жж.)

Мамандығы: көркем фильм және ТВ режиссері

Фильмографиясы:

Деректі фильмдер: "Көкпар" 1998ж., "Отшельник поневоле" 1999ж., "Ковер" 2000ж., "Соғым" 2002ж., "Скрипка и виолончель" 2003ж., "Семейный дом Купкиных" 2004ж., "Түркістан" 2007ж., "Абай" 5 серия 2012ж., "Исабеков әлемі" 2013ж.

Көркем фильмдер: "Игрушки" 2007ж. "Молоко" 2009ж. "Кредитке махаббат" 2010ж. "Зұлмат", "Біздіӊ ауыл - во!" 2011ж.

Деректі фильмдер циклы:"Саят" 2005ж., Сериал "1 сынып" 2005ж., "Ипке" 2013ж., "Ұлт мақтанышы" 2013ж.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны