22.06.2015, 11:45 3698

Қазақ-қырғыз шекарасында 5 қорап құс еті табылды

Тараз шекара отрядына қарасты "Жасөркен" шекара заставасыныӊ наряды әскери кезекшілік кезінде қазақ-қырғыз шекарасынан иесіз тұрған "УАЗ" маркалы жүк машинасын тапты. Оныӊ ішінен 5 қорап тұрғандығы анықталды, алдын ала болжам бойынша құс еті болуы мүмкін.

Тараз. 22 Маусым. Kazakhstan Today - Тараз шекара отрядына қарасты "Жасөркен" шекара заставасыныӊ наряды әскери кезекшілік кезінде қазақ-қырғыз шекарасынан иесіз тұрған "УАЗ" маркалы жүк машинасын тапты. Оныӊ ішінен 5 қорап тұрғандығы анықталды, алдын ала болжам бойынша құс еті болуы мүмкін. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы жағынан қоршаудыӊ да бұзылғандығы тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Іздестіру шаралары жүргізілуде.

ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны