21.11.2018, 13:06 8812

Қазақ-қырғыз шекарасында үш жылқы жетектеп жаяу Қазақстанға қарай келе жатқан шекара бұзушы ұсталды

Екі елдіӊ ортасындағы тікенек сымды дуалды кесіп өткен шекара бұзушы, өзі жаяу жүргенімен 3 семіз атты жетегіне алыпты.

Астана. 21 қараша. Kazakhstan Today - Қордай шекара отрядына қарасты "Еӊбек" заставасыныӊ аумағында ел шебін күзетушілер, қазақ-қырғыз шекарасындағы Шу өзенінен біздіӊ елге қарай түн қараӊғылығын пайдаланып (сағат 22.00 шамасында) өтіп келе жатқан, 39 жастағы қырғызстандық азаматты ұстады.Екі елдіӊ ортасындағы тікенек сымды дуалды кесіп өткен шекара бұзушы, өзі жаяу жүргенімен 3 семіз атты жетегіне алыпты.

Құқық қорғау орындары құлақтандырылды. Тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны