15.04.2016, 15:52 5086

Қазақстан АИТВ-ніӊ таралуы жөнінде ЖБИ көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумы рейтингісінде бірінші орында

РҚЕ қолжетімділігін арттыру нәтижесінде АБА-ныӊ ЖИТС-тан болатын өлім көрсеткішініӊ 2005 жылғы 1000 АБА-ға шаққанда 16,1-ден 2015 жылы 9-ға төмендеу тенденциясы байқалады, бұл олардыӊ өмір сүру сапасы мен ұзақтығыныӊ жоғарылауына сеп болады.

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында АИТВ-ны диагностикалау, емдеу мен алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізудіӊ нәтижесінде республикада халықтыӊ осал топтарыныӊ арасында АИТВ-ныӊ таралуын шоғырланған сатыда ұстап тұру мүмкіндігі пайда болды. Ағымдағы жылғы 1 қаӊтардағы мәліметтер бойынша, елімізде АИТВ инфекциясы бар адамдар (әрі қарай - АБА) саны 17 726-ны құрады. Соӊғы екі жылдыӊ ішінде "15-49 жас аралығындағы тұрғындардыӊ ішінде АИТВ инфекциясыныӊ таралуы" Жаһандық бәсекелестік индексініӊ көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингісінде Қазақстан 0,18% көрсеткішімен алғашқы орындағы елдердіӊ қатарына кіреді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі таӊда Қазақстанда АИТВ инфекциясын емдеудіӊ барлық заманауи тәсілдері мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған препараттар қолданылады. 2009 жылдан бастап ретровирусқа қарсы емдеу (әрі қарай - РҚЕ) медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі аясында мемлекет есебінен тегін жүргізіліп келеді, балаларға тек қана брендтелген дәрілік заттар беріледі. РҚЕ тиімділігін бақылау мен препараттарға төзімділіктіӊ жаӊа технологиялары енгізілді. Жүргізілген жұмыстардыӊ нәтижесінде ретровирусқа қарсы терапияны алатын адамдардыӊ саны 2005 жылғы 233 адамнан 2015 жылғы 6285 адамға, яғни 27 есеге артты. Осылайша, АБА-ны ретровирусқа қарсы терапиямен қамту көрсеткіші аталған емдеуге зәру адамдардыӊ жалпы саныныӊ (7929 АБА) 79,3%-ын құрады.

РҚЕ қолжетімділігін арттыру нәтижесінде АБА-ныӊ ЖИТС-тан болатын өлім көрсеткішініӊ 2005 жылғы 1000 АБА-ға шаққанда 16,1-ден 2015 жылы 9-ға төмендеу тенденциясы байқалады, бұл олардыӊ өмір сүру сапасы мен ұзақтығыныӊ жоғарылауына сеп болады.

Республикада АИТВ-ныӊ анадан балаға берілуін алдын алу мақсатында АИТВ оӊ көрсеткішті жүкті әйелдер мен АИТВ-позитивті аналардан туған нәрестелердіӊ АРВ-профилактикасы жүргізілуде. Жүкті әйелдерді қамту 2005 жылғы 66%-дан 2015 жылғы 95%-ға, нәрестелерді қамту 2005 жылғы 81%-дан 2015 жылғы 99,7%-ға өсті. АИТВ жұқпалы аурулы аналардан туған барлық балалар тамақтандыруға арналған тегін сүтті қоспалармен қамтамасыз етіледі. Іске асырылған шаралардыӊ нәтижесінде АИТВ-ныӊ анадан балаға берілуі айтарлықтай төмендеді: 2007 жылғы 8,4%-дан 2015 жылғы 1,9%-ға дейін.

Балаларды тиімді емдеу мақсатында Оӊтүстік Қазақстан облысында "Ана мен бала" мамандандырылған оӊалту орталығы жұмыс істейді. АБА-ға консультативтік-диагностикалық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында телемедицина жетістіктері қолданылады.

Пенитенциарлық жүйеде профилактикалық бағдарламаларды енгізу бас бостандығынан айырылған адамдардыӊ арасындағы АИТВ инфекциясын мекеме ішінде жұқтыру жағдайларыныӊ санын 1,9 есеге төмендетуге ықпал етті.

Тұрғындардыӊ осал топ өкілдері үшін (наша қолданушылар, секс-жұмысшылар, ерлермен жыныстық қатынаста болатын ер адамдар) профилактикалық бағдарламалар жүзеге асырылады, 2001 жылдан бастап халықаралық донорлар есебінен, 2010 жылдан кезеӊ-кезеӊімен мемлекеттік қаржыландыруға өту арқылы жүргізілуде. 11 көмек түрінен тұратын кешенді қызмет көрсету пакеті енгізілді (кеӊес беру, АИТВ-ға тестілеу, шприцті алмастыру мен тарату, мүшеқапты, ақпараттық-ағартушылық материалдарды тарату, ретровирусқа қарсы терапияны жасау, жыныс жолдары арқылы берілетін инфекцияларды диагностикалау және т.б.). Республиканыӊ 10 қаласында пилоттық режимде АИТВ-ныӊ алдын алу мақсатында алмастырушы апиындық терапия бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Қазақстан Орталық Азия аймағындағы емделуі тиімсіз пациенттерге арналған ретровирусқа қарсы препараттарға АИТВ-ніӊ дәрілік төзімділігін анықтау жүргізілетін бірден-бір ел болып табылады. Бұл дәрігерлерге емдеу шараларыныӊ тиімділігін арттыру үшін емдеу тәсілдерін уақытында ауыстыруға мүмкіндік береді.

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстандағы АИТВ инфекциясын жұқтырудыӊ алғашқы жағдайы 1987 жылы тіркелген болатын. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы мәліметтерге сәйкес, АИТВ инфекциясыныӊ 26690 жағдайы тіркелген. Оныӊ ішінде 1705 шетел азаматтары, 24427 қазақстандықтар және 558 аты-жөні көрсетілмей тексерілген адамдар бар.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны