30.10.2018, 14:35 5865

Қазақстан алғаш рет ISAR үкіметаралық жұмыс тобыныӊ вице-президенті болып сайланды

2018 жылдыӊ 22 - 26 қазан аралығында Женевада (Швейцария Конфедерациясы) Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ISAR) арналған үкіметаралық жұмыс тобыныӊ 35-ші отырысы өтті.

Астана. 30 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 22 - 26 қазан аралығында Женевада (Швейцария Конфедерациясы) Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ISAR) арналған үкіметаралық жұмыс тобыныӊ 35-ші отырысы өтті.

Бұл алаӊда алғаш рет Қазақстанныӊ өкілі ISAR төрағасыныӊ орынбасары болып сайланды.

Бухгалтерлік есеп және есеп беру Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ сауда және даму жөніндегі конференциясыныӊ (ЮНКТАД) жұмысыныӊ маӊызды бағыттарыныӊ бірі болып табылады.

Осы мақсатта бухгалтерлік есепті және есептілікті әзірлеу, озық тәжірибелерді бөлісу саласындағы еӊ өзекті мәселелер мен басымдықтарды айқындау үшін ғаламдық және инклюзивті форум ретінде Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ISAR) арналған үкіметаралық жұмыс тобы құрылды.

ISAR шеӊберінде талдамалық зерттеулер, жыл сайынғы отырыстар мен семинарлар, халықаралық стандарттар мен әлемдік озық тәжірибелерді практикалық іске асыруға жәрдемдесу үшін басшылық құжаттар және техникалық көмек жобалары бойынша өткізіледі.

35-сессияда мынадай мәселелер қарастырылады:

- цифрлық валюталар және блокчейн (блок тізбегі): есепке алудыӊ салдары;

- қаржылық және қаржылық емес есептіліктердегі соӊғы оқиғалар және олардыӊ SDG үшін салдары;

- тұрақты даму туралы есептердіӊ салыстырмалылығын арттыру;

- мемлекеттік және жеке секторларда есепке алу мен есеп берудіӊ халықаралық стандарттарын практикалық іске асыру мәселелері.

Қазақстанда "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Заӊы ТММ аймағында бірінші болып қабылданды.

Мемлекеттік органдардыӊ ішкі аудит қызметініӊ тиімділігіне баға берілді және тиімділік аудитініӊ әдістемесі әзірленді (ішкі аудит және қаржылық бақылаудыӊ іс жүргізу стандарттары, "Ішкі аудит қызметініӊ жұмысына баға беру", ішкі аудит қызметініӊ тиімділігін тексерудіӊ рәсімдік стандарттары).

Қазақстанда 2015-2016 жылдар кезеӊінде корпоративтік есептілік инфрақұрылымын бағалау жүргізіліп, оныӊ нәтижелері бойынша ұсынымдар берілді.

Қазіргі уақытта Қаржы министрлігі кәсіптік бақылауды жүзеге асыру бойынша қазақстандық кәсіби қауымдастықпен белсенді жұмыс істеуде, сондай-ақ бухгалтерлер мен аудиторларды сертификаттау жүйесін жетілдіруде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны