03.06.2008, 15:47 2923

Қазақстан Алтай аймағының негізгі сауда серіктесі болып отыр

Қазақстан Алтай аймағының негізгі сауда серіктесі болып отыр

Павлодар. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан бірнеше жылдан бері Алтай аймағының негізгі сауда серіктесі болып отыр. Бұл туралы агенттік тілшісіне Алтай аймағы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өткен 2007 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы сауда-саттық айналымы 11,3 пайызға көтерілді, ал экспорттық тауар көрсеткіші 14,1 % ұлғайды. Тек Қазақстанның импорттық тауарларының көлемі шамалы төмендеді.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Алтай аймағы бойынша жасалған сауда-саттық айналымының салмағы 31,6% құрады. Тауар айналымы 16,1% -ға жетіп $440 млн асты.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанмен сыртқы байланыс қатынастарын жасайтын 20 кәсіпорын бар. Олардың қатарында "Алтайхимпром", "Бийск қазандық зауыты", "Сибэнергомаш", "Алтай-кокс","Алтай мотор зауыты", "Алтай шиналық комбинаты", "Алтайвагон" ААҚ, "Энергомашкорпорация" ААҚ сияқты т.б. бар.

Икімшілікте хабарлағанындай, сауда-экономикалық, мәдени байланыстарды нығайту мақсатында Алтай аймағының делегациясы Қазақстанның шегаралас жатқан аймақтарына барып қайтады. Жұмыс тобын губернатор Александр Карлин басқарады.

Жақын уақытта делегация мүшелері Шығыс Қазақстан облысына барып, онда аймақтың басшылығымен кездесіп, бірқатар өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандарды аралап қайтады. Сонымен қатар, делегация "Алтай біздің ортақ үйіміз" атты халықаралық конференциясына және VII Халықаралық үйлестіру кеңесінің отырысына қатысады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімімен кездесу кезінде шекаралас жатқан өндірістік кәсіпорындар арасындағы байланыстарды дамыту, сондай-ақ энергетика, ауылшаруашылық, құрылыс, денсаулық, ғылым және техника салалары бойынша ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланады. Сонымен қатар Ресей-Қазақстан шекара учаскесінің инфрақұрылымын жақсарту мәселелері қарастырылады.

Биылғы жазда алтай делегациясының Павлодар облысына жол сапары жоспарланған.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Алтай аймағы Қазақстанның Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарымен шектесіп жатқан шекара қашықтығы 800 шақырымды құрайды. 4 және 12 қала округтері, 60 миниципалды ауданның 12- і шекаралас жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны