21.09.2015, 16:12 4008

Қазақстан әскери жоғары оқу орындарыныӊ 600-ден астам курсанты әскери ант қабылдады

Алматы және Ақтөбедегі ҚР Қорғаныс министрлігініӊ әскери жоғары орындарында жас толықтыруды әскери антқа келтіру салтанатты рәсімі өтті. Өздерініӊ тума-туысқандары, командирлері мен курстастары, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы мен ҚР Қарулы Күштері ардагерлерініӊ көзінше 603 курсант Отанға деген адалдықтарына серт берді

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы және Ақтөбедегі ҚР Қорғаныс министрлігініӊ әскери жоғары орындарында жас толықтыруды әскери антқа келтіру салтанатты рәсімі өтті. Өздерініӊ тума-туысқандары, командирлері мен курстастары, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы мен ҚР Қарулы Күштері ардагерлерініӊ көзінше 603 курсант Отанға деген адалдықтарына серт берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оныӊ 340-ы Құрлық әскерлері Искери институты тыӊдаушыларыныӊ қатарын толықтырды. Жоғары оқу орны үшін бұл алдыӊғы жылдар ішіндегі еӊ үлкен іріктеу болды. 156 бозбала биылғы жылы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына оқуға түсті. Тағы 107 жеткіншек Кеӊес Одағыныӊ екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Иуе қорғанысы күштері Искери инстиутыныӊ курсанттары атанды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жеткіншектер еліміздіӊ әр өӊірінен бір ғана мақсатпен, яғни, әскери жоғары оқу орнына түсіп, қазақстандық армияныӊ сардарлары болуға келді. Искери ант олар үшін ардақты армандарын жүзеге асыру жолындағы бірінші қадам, бұл нағыз әскери курсанттық өмір басталатын жауапты және толқу сәті.

2014-2015 оқу жылында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтын 207 адам тәмамдағанын айта кеткен жөн. 4-уі өздерініӊ керемет білімдерін растап, алтын медальға ие болды, 13 түлек үздік дилом алды. Құрлық әскерлерініӊ Искери институты 368 офицерді түлетіп шығарды, олардыӊ ішінде 18 курсант Қырғыз Республикасы және 8 курсант Тәжікстан Республикасынан. Ал Иуе қорғанысы күштері Искери институтыныӊ түлектері осы жылдыӊ күзінде жоғары оқу орнын аяқтайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны