22.09.2015, 18:31 3994

Қазақстан Искери-теӊіз күштерініӊ жаӊа мина-тартқыш кораблініӊ экипажы Ресейде дайындықтан өтуде

Жақын арада Қазақстан Искери-теӊіз күштерініӊ жарақтандыруына келіп түсетін жаӊа мина-тартқыш кораблініӊ экипажы айқындалды. Қазір құрылған құрам, ол 15 әскери теӊізші Санкт-Петербург қаласыныӊ Искери-теӊіз академиясыныӊ базасында шетел экипаждарын даярлау үшін Ресейдегі оқу-жаттығу орталығында тағылымдамадан өтуде

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жақын арада Қазақстан Искери-теӊіз күштерініӊ жарақтандыруына келіп түсетін жаӊа мина-тартқыш кораблініӊ экипажы айқындалды. Қазір құрылған құрам, ол 15 әскери теӊізші Санкт-Петербург қаласыныӊ Искери-теӊіз академиясыныӊ базасында шетел экипаждарын даярлау үшін Ресейдегі оқу-жаттығу орталығында тағылымдамадан өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Искери теӊізшілер әртүрлі топтастырылудағы әскери корабльдердіӊ, оныӊ ішінде мина-тартқыштыӊ тактикалық-техникалық сипаттамаларын, жауынгерлік арналуы мен қолданылуын біледі. Алайда, жаӊа корабльде теӊізге шынайы шығу егжей-тегжейлі зерделеуді қажет етеді. Осы мақсатта даярлау орталығында экипаждарды жаттықтыруға арналған дәл оқу нобайы жаӊадан құрылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жаӊа мина-тартқыш кораблі Қазақстанныӊ Искери-теӊіз күштеріне Санкт-Петербург қаласыныӊ Невск кеме құрастыру зауытынан келіп түседі. Ол базалардыӊ, кемежайлардыӊ, кеме жолдары мен жаға маӊыныӊ су айдындарын минаға қарсы қорғау үшін арналған. Кіріктірілген шағын габаритті навигация және тұрақтандыру жүйесімен, корабльді гидрометеорологиялық қамтамасыз ету кешенімен, спутниктік навигациялық жүйелерді қабылдау аппаратурасымен, жаһандық теӊіз байланысы жүйесініӊ, радиотрансляция және бақылау аппаратурасымен жабдықталған.

Сонымен бірге, кеменіӊ жаппай жою қаруынан қорғау қасиеттері, әмбебап су және магниттік қорғау жүйелері, химияға қарсы желдеткіші мен жарақтандыруда атысты автоматтандырылған басқару жүйесі бар АК-306 штаттық артиллериялық кешені, 12,7 мм оқшашары және тартқыш қару-жарағы бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны