03.04.2018, 15:00 4602

Қазақстан аудандарыныӊ тұрғындары енді көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін алу үшін ауылдық ХҚО-ға жүгіне алады

Еске сала кетсек, 2012 жылдан бері Қазақстанда бір терезе қағидаты бойынша азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру және көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеуде. Бүгінгі таӊда елімізде 14 мамандандырылған ХҚО және 3 сектор бар. Биыл Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында мамандандырылған ХҚО бөлімдерін ашу жоспарланып отыр.

Астана. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Ауыл тұрғындарына ыӊғайлы болу үшін әкімшілік полицияныӊ тіркеу-емтихан бөлімдерініӊ қызметкерлері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныӊ аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пилоттық тәртіпте жұмыс істей бастады. Олар көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша құжаттарды қабылдайды.

ҚР ІІМ-ніӊ әкімшілік полициясыныӊ ТЭБ қызметкерлерін аудандық ХҚО бөлімдерінде орналастыру туралы шешім ҚРПремьер-Министрініӊ орынбасары Асқар Жұмағалиев төрағалық ететін ведомствоаралық комиссияда қабылданды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ жанындағы арнайы мониторингтік тобы ұсынған жаӊа жүйеніӊ артықшылығын алғашқы болып Қарағанды облысы Осакаров ауданыныӊ және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданыныӊ тұрғындары бағалай алады. Көп ұзамай бұл жоба "Азаматтарға арналған үкіметтіӊ" тағы 21 фронт-офисінде жүзеге асырылады.

Жаӊашылдықтыӊ арқасында автокөлік иелері үшін жүргізуші куәлігін ауыстыру және көліктерді тіркеу жұмыстары айтарлықтай жеӊілдейді. Енді оларға облыстық мамандандырылған ХҚО-ға бару немесе ішкі істер органдарына тікелей жүгінудіӊ қажеті жоқ. Ескеретін жайт, жүргізуші куәлігін алғашқы рет алушыларға бұл жоба аясында қызмет көрсетілмейді.

Осакаров аудандық №1 бөлімі Осакаров ауылы Пристанционная көшесі, 12 үй мекенжайы бойынша, ал Тайынша аудандық бөлімі Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 208 үй мекенжайы бойынша орналасқан.

Еске сала кетсек, 2012 жылдан бері Қазақстанда бір терезе қағидаты бойынша азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру және көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеуде. Бүгінгі таӊда елімізде 14 мамандандырылған ХҚО және 3 сектор бар. Биыл Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында мамандандырылған ХҚО бөлімдерін ашу жоспарланып отыр.

Анықтама үшін:

ТЕБ-ніӊ қызметкерлері орналасқан "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныӊ фронт-офистері:

1. Ақмола облысы Целиноград ауданыныӊ №1 ХҚО бөлімі;

2. Ақмола облысы Жарқайын ауданыныӊ ХҚО бөлімі;

3. Ақмола облысы Есіл ауданыныӊ ХҚО бөлімі;

4. Ақмола облысы Атбасар ауданыныӊ ХҚО бөлімі;

5. Ақмола облысы Ақкөл ауданыныӊ ХҚО бөлімі;

6. Ақмола облысы Степногорск қ. ХҚО бөлімі;

7. Алматы облысы Еӊбекшіқазақ ауданыныӊ ХҚО бөлімі;

8. Жамбыл облысы Талас ауданыныӊ ХҚО бөлімі;

9. Жамбыл облысы Сарысу ауданыныӊ ХҚО бөлімі;

10. Павлодар облысы Ақсу қ. ХҚО бөлімі;

11. Батыс Қазақстан облысы Бурлинский ауданыныӊ ХҚО бөлімі;

12. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданыныӊ ХҚО бөлімі;

13. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданыныӊ ХҚО бөлімі;

14. Атырау облысы Жылыой ауданыныӊ ХҚО бөлімі;

15. Қызылорда облысы Қазалы ауданыныӊ ХҚО бөлімі;

16. Қызылорда облысы Жалағаш ауданыныӊ ХҚО бөлімі;

17. Қызылорда облысы Арал ауданыныӊ ХҚО бөлімі;

18. Қызылорда облысы Жаӊақорған ауданыныӊ ХҚО бөлімі;

19. Қызылорда облысы Қармақшы ауданыныӊ ХҚО бөілімі;

20. Қызылорда облысы Шиелі ауданыныӊ ХҚО бөлімі;

21. Оӊтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданыныӊ ХҚО бөлімі (ЖК беру қызметі);

22. Оӊтүстік Қазақстан облысы Түркістан қ. ХҚО бөлімі;

23. Қарағанды облысы Осакаров ауданыныӊ №1 ХҚО бөлімі.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ

баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны