20.01.2010, 09:58 1815

Қазақстан аумағында жаппай дерлік қарсыз, аязды күн райы сақталады - ТЖМ

Қазақстан аумағында жаппай дерлік қарсыз, аязды күн райы сақталады - ТЖМ

Астана. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан аумағында жаппай дерлік қарсыз, аязды күн райы сақталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазақстанға қуатты әрі суық антициклонның ықпалы жалғасып отырғандықтан, елдің басым аймақтарында қарсыз, үскірік аяз сақталады".

Атап айтсақ, "Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында секундына 15-22 метр жылдамдықта жел тұрады, Жамбыл облысының таулы аймақтарында оның екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді деп күтілуде. Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және күндіз Қарағанды облыстарында кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, бұрқасындатады. Түнде Жамбыл, таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аумақтарында тұман болады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны