19.06.2009, 13:02 1409

Қазақстан азаматтығын тағы 15 мыңдай адам алды

Қазақстан азаматтығын тағы 15 мыңдай адам алды

Астана. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан азаматтығын тағы 15 мыңдай адам алды. Ақордада бүгін мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен ҚР президенті жанындағы азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырыс өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда Қазақстан азаматтығын алғысы келетін отандастарымыздың, ТМД елдерінен және алыс шетелдерден келген басқа да ұлт өкілдерінің, барлығы 15 мыңдай адамның материалдары қаралды. Мемлекет басшысы жарлыққа қол қойғаннан кейін өтініш білдірген жандар Қазақстан азаматы атанатын болады.

Отырыста Қ. Саудабаев Қазақстан азаматтығын алушы адамдардың саны жыл сайын жүз мыңдап өсіп отырғанын, бұл тек еліміздегі халық санының өсуін ғана емес, сонымен бірге біздің мемлекеттің болашағына деген сенімді білдіретінін атап көрсетті. Оның айтуынша, жеті жылда елімізге 500 мыңнан астам репатриант келген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны