28.03.2007, 16:45 3195

Қазақстан бойынша құрт ауруына шалдыққандардың ең төменгі көрсеткіші Алматыда тіркелген

АЛМАТЫ. 28-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан бойынша құрт ауруына шалдыққандардың ең төменгі көрсеткіші Алматыда тіркелген. Бұл туралы журналистерге Түріксіб аудандық туберкулез диспансерінің бас дәрігері Дариға Сабазова мәлімдеді.

"Алматыда жыл сайын құрт ауруына шалдығу көрсеткішінің төмендегені байқалады. Қазір бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 65 адамды құрайды, ал республика бойынша орташа көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 132,1 адамға тең. Сондай-ақ, адамдардың құрт ауруынан қайтыс болу саны да төмендеген, егер республика бойынша орташа көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 20 адам болса, Алматыда - 12,3",- деді Д. Сабазова.

Оның сөздеріне сүйенсек, құрт ауруына шалдығу жағдайына "халықтың көшіп-қонуы үлкен әсер етеді". "Қазір есепте 3480 адам тұрса, олардың 822-сі Қазақстанның басқа аймақтары мен жақын шет елдерден келгендер",- деп түсіндірді диспансердің бас дәрігері.

Д. Сабазованың мәліметтері бойынша, Алматыда құрт ауруының белсенді түрін барлығы 2424 адам жұқтырса, олардың мыңнан астамы жұқпалы түрін жұқтырған. "Өткен жылы алғаш рет құрт ауруына шалдыққан 817 науқас емдеуге қабылданды",- деп хабарлады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны