02.11.2012, 16:30 3256

Қазақстан дәстүрлі зейнетақы жүйесіне көшуі қажет - баспасөз баяны

О.Құдайбергеновтың айтуынша, дәстүрлі зейнетақы жүйесін жақсарту үшін төменгі зейнетақыны орташа жалақының 40 пайызына теңгеру қажет. Ал, жоғарғы және төменгі зейнетақының арасындағы айырмашылық 2 еседен аспауы тиіс, дейді ол.

Қазақстан біртіндеп бұрынғы дәстүрлі зейнетақы жүйесіне көшуі тиі. Бұл туралы Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов мәлім етті.

"Жалпы, жинақтау жүйесі де, дәстүрлі жүйе де өмірдегі барлық проблемаларды шешіп бере алмайды. Олардың қай-қайсысының да олқылықтары бар. Бірақ, дәстүрлі зейнетақы жүйесінің жинақтаушы салаға қарағанда кемшілігі аздау. (...) Қазіргі туындап отырған проблемаларды шешу үшін аз-кем техникалық өзгерістер жасауымыз қажет. Біріншісі үлкен өзгеріс: жинақтау жүйесін жойып, дәстүрлі жүйеге көшу. Дегенмен, оны бірден емес, біртіндеп жүзеге асыруымыз керек", - деді ол Саяси шешімдер институты клубының отырысында.

О.Құдайбергеновтың айтуынша, дәстүрлі зейнетақы жүйесін жақсарту үшін төменгі зейнетақыны орташа жалақының 40 пайызына теңгеру қажет. Ал, жоғарғы және төменгі зейнетақының арасындағы айырмашылық 2 еседен аспауы тиіс, дейді ол.

Оның ойынша, жинақтаушы жүйе жойылғаннан кейін төленген зейнетақы жарналарын Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталықтарына аудару қажет.

Дегенмен, О.Құдайбергенов келешекте дәстүрлі зейнетақы жүйесінде проблема туындамайды деп айта алмайды. Мысалы, зейнетақы төлеуге қаржы жетіспеуі мүмкін, дейді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны