25.09.2017, 15:52 4496

Қазақстан халықтарыныӊ тіл мерекесі аясында Сүлеймен Демирел университетінде тіл апталығы басталады

Қазақстан халықтарыныӊ тіл мерекесі аясында 26-28 қыркүйек аралығында Сүлеймен Демирел университетінде тіл апталығы басталады. Іс-шара мемлекеттік тілдіӊ қолданыс аясын кеӊейту, этносаралық ынтымақтастықты, Қазақстан халықтарыныӊ достығы мен бірлігін насихаттау, сондай-ақ көптілділік үрдісін дамытуға бағытталған.

Алматы. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан халықтарыныӊ тіл мерекесі аясында 26-28 қыркүйек аралығында Сүлеймен Демирел университетінде тіл апталығы басталады. Іс-шара мемлекеттік тілдіӊ қолданыс аясын кеӊейту, этносаралық ынтымақтастықты, Қазақстан халықтарыныӊ достығы мен бірлігін насихаттау, сондай-ақ көптілділік үрдісін дамытуға бағытталған.

Қазіргі көптілді әрі көпмәдениетті қоғамда тілдердіӊ ұштасуы мәселесі, қоғамдарды біріктіру үшін тілдер саласындағы тиімді және өміршеӊ бағдарламаларды іздестіру мәселесі өте өзекті болып отыр. СДУ-дыӊ профессорлық-оқытушылық құрамы Елбасыныӊ үштұғырлы тіл идеясыныӊ нәтижесінде көптілді білім беруді жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Тіл апталығы аясындағы іс-шараныӊ қатысушыларына жан-жақты бағдарлама дайындалған: еуропалық тіл күніне арналған халықаралық симпозиум, ашық сабақтар, байқаулар мен викториналар ұйымдастырылған.

Іс-шара қонақтары ретінде Латвия, Ұлыбритания, Франция, Италия елшіліктерініӊ және ЮНЕСКО, БҰҰ өкілдері қатысады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны