Система Orphus

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ішкі істер министрлігі қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды бекіту бойынша келісілген әрекеттер жоспарына қол қойды

22.08.2008, 18:45 1787

Астана. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылғы 22 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы мен Ішкі істер министрлігінің 2008-2009 жылдардағы қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды бекіту бойынша келісілген әрекеттер жоспарына қол қою шарасы болып өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ІІМ-іне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл жоспардың негізгі мақсаты - қоғамдық келісім институтын жүзеге асыру бойынша мемлекет пен азаматтық қоғам қарым-қатынасының формалары мен әдістерін көтермелеу, дамыту және жетілдіру.

Шараны ашқан Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекет пен қоғамның арасында байланыстырушы күш ретіндегі салмақты ұстанымы бар екеніне тоқталды.

Оның айтуынша, көпұлтты қоғамдағы ұлтаралық қатынасты бекіту жөніндегі саясатты жүзеге асырудың халықаралық тәжірибесі дәлелдегендей, сенімге негізделген тұрақты қатынастар мен ықпалдастықтар қоғамдық келісім саласындағы полиция іс-әрекетінің маңызды бөлшегі болып табылады.

Көпұлтты қоғамдағы полиция қызметінің қағидалары ішкі істер органдарының жалпы даму бағдарламаларының бір бөлігі болуы тиіс. Полиция қызметкерлері белгілі бір сұрақтарға этностардың айрықша мән беретіндігін түсінуге және сәйкесінше назар аударуға, сонымен қатар азаматтық қоғамдағы біртұтастықты бекіту, әлеуметтік шиеленісті төмендетуге арнайы дайындықтан өтіп, басқа да кәсіби қолдау алуы тиіс. Полицияның кәсіби дайындығын көтеру деңгейі халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттырудың, демократиялық көпэтникалық қоғам құруда өзінің ролін дұрыс атқаруының алғышарты болып табылады.

Ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев өз сөзінде көпұлтты қоғамдағы қарым- қатынастардың деңгейі барлық этникалық топтардың мемлекет әрекетін заңды және нәтижелі деп қабылдауына тәуелді деген ой білдірді. Соның ішінде, полицияның "алдыңғы қатарлы" құқық қорғау органы ретіндегі ролі маңызды.

Азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынасты дамыту бойынша бес жүзден аса үкіметтік емес ұйымдардың басын қосатын "Қазақстан азаматтық Альянсы" бірлестігімен және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықпен ықпалдастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

ЕҚЫҰ, Еуроодақ, Халықаралық еңбек және көші-қон ұйымдары, БҰҰ-ның ЮНИСЕФ ұйымы, Халықаралық түрме реформасы, Құқықтық саясатты зерттеу орталығы және өзге де үкіметтік емес, адам құқығын қорғау жөніндегі ұйымдар тәрізді халықаралық институттармен белсенді ықпалдастық орнатылды.

Сонымен қатар, ІІМ вице министрі көпұлтты қоғамдағы құық қорғау қызметінің тиімділігі полиция мен этникалық топтар арасында үнемі байланыс және практикалық ықпалдастық негізінде көтермеленетін сенімге негізделген қатынастың орнауына тәуелді екенін атап өтті.

Шараға қатысушылар мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған осы қадам мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асырудың үлгісі боларына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны