22.07.2018, 20:20 4353

Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ "Жаӊғыру жолы" республикалық жастар қозғалысы "Ұлы Дала Елініӊ киелі мұрасы" тарихи-экологиялық акциясыныӊ үшінші кезеӊін өткізуде

Алматы облысынан бастау алған акция аясында ғалымдардан, түрлі этнос жастарынан құралған экспедиция мүшелері еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштермен танысып, киелі орындарда тазалық жұмыстарын жүргізуде.

Түркістан. 22 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ "Жаӊғыру жолы" республикалық жастар қозғалысы "Ұлы Дала Елініӊ киелі мұрасы" тарихи-экологиялық акциясыныӊ үшінші кезеӊін өткізуде.

Алматы облысынан бастау алған акция аясында ғалымдардан, түрлі этнос жастарынан құралған экспедиция мүшелері еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштермен танысып, киелі орындарда тазалық жұмыстарын жүргізуде.

Бүгін акция эстафетасын Жамбыл облысыныӊ жастары Түркістан облысына табыстады. Шымкенттегі "Қазақстан халқы Ассамблеясы" ғимаратында өткен шараға Жамбыл облысыныӊ делегациясы, Түркістан облыстық "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердіӊ өкілдері, "Жаӊғыру жолы" республикалық жастар қозғалысы өӊірлік штабыныӊ мүшелері қатысты.

Жиынды Түркістан облыстық "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Ербол Байқонақов ашып, жобаныӊ маӊызына тоқталды.

"Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында өтіп жатқан іс-шара Қазақстанныӊ бай мәдени мұрасымен жастардыӊ тереӊ танысуына мүмкіндік береді. Сол арқылы жас ұрпақтыӊ туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, қазақстандық бірегейлікті, елдіӊ бірлігін нығайту көзделуде. Акция барысында ұйымдастырылатын эко-сенбіліктер қасиетті нысандарды күтіп, қастерлеудіӊ маӊыздылығын артырады,- дейді Ербол Сүлейменұлы.

Жиыннан кейін экспедиция мүшелері өӊіріміздегі тарихи-мәдени орындарға жол тартты. Олар бүгін "Отырар төбе" қалашығына, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайына, "Арыстанбаб" кесенесіне, Түркістандағы облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталығына, "Изірет Сұлтан" мемлекеттік қорық-мұражайына барып, тарихи құндылықтарымен танысады.

Айта кету керек, "Ұлы Дала Елініӊ киелі мұрасы" республикалық тарихи-экологиялық акциясы үш кезеӊнен тұрады. Бірінші кезеӊ 5-9 мамыр аралығында Жеӊіс күніне орай "Қамқор" атауымен өтті. Екінші кезеӊде, яғни 28-37 мамыр аралығында "Тағзым" акциясы аясында саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алынды.

Еліміздіӊ барлық аймағында өтіп жатқан акция 15-18 тамыз күндері "Жаӊғыру жолы" республикалық жастар қозғалысы мүшелерініӊ қатысуымен Алматы облысында қорытындыланады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны