28.01.2013, 12:24 3387

Қазақстан халқының саны 16 млн. 896 мың адамды құрады

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайлов осылай мәлім етті.

Астана. 28-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан халқының саны 16 млн. 896 мың адамды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан халқы саны 16 млн. 896 мың адамды құрады.

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайлов осылай мәлім етті.

Агенттік төрағасының айтуынша, бұл жыл басынан халық саны 1,4 пайызға өскен.

"Демографиялық статистика халықтың табиғи өсімі мен миграциялық үдеріс негізінен құралып отыр. Ал осы статистиканы жетілдіру үшін біз бірқатар шараларды атқарып жатырмыз. Бұл ретте "е-статистика" шеңберінде халықтың статистикалық тіркелімі жүйесін құрып жатырмыз. Осы статистикалық тіркелім бойынша Иділет министрлігі, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрлігінен, Ішкі істер министрлігінен және Ұлттық қауіпсіздік комитеттерінен ақпараттарды алатын боламыз", - деді И.Смайылов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны