28.05.2008, 17:43 3184

Қазақстан Қытайға қайырымдылық көмек жолдады

Қазақстан Қытайға қайырымдылық көмек жолдады

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Қытайға қайырымдылық көмек жолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мамырдың 24 мен 26 аралығында Қазақстаннан теміржолмен қайырымдылық көмек жүгі тиелген 19 вагон жөнелтілді. Жүк Ганьсу провинциясының Тяньшуй станциясына ресми түрде 30 мамыр мен 3 маусым аралығында жеткізіледі.

Қайырымдылық көмек жүгінде төсек жабдықтары, 40 орынды қысқы шатырлар, киімдер, ет консервілері мен медициналық "трамадол" препараты бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны