28.09.2007, 11:10 1552

Қазақстан Коммунистік Партиясының жетекшісі үкіметке нанның бағасын ұстап тұрмай, жалақы мен зейнетақыны ұлғайтуды ұсынып отыр

Қазақстан Коммунистік Партиясының жетекшісі үкіметке нанның бағасын ұстап тұрмай, жалақы мен зейнетақыны ұлғайтуды ұсынып отыр


Алматы. 28-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Коммунистік Партиясының төрағасы Серікболсын Ибділдин үкіметке тағам өнімдеріне, оның ішінде нан өнімдеріне бағаны ұстап тұра бермей, жалақы мен зейнетақыны айтарлықтай өсіруді ұсынып отыр.

"Біздің үкіметке ұсынарымыз, ол өтемақы нұсқасын нан өнімдеріне деген нарықтық бағаны ұстап тұру жолымен емес, ұлғайту жолымен, яғни жалақы мен зейнетақы көлемін айтарлықтай өсіру жолымен жүруі керек", - деп мәлімдеді Серікболсын Ибділдин бейсенбі күні Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында. Оның пайымдауынша, "мәселені шешудің жалғыз орнықты нұсқасы осы".

Экономика ғылымының докторы, Аграрлық академияның профессоры, Қазақстанның коммунистік партиясының жетекшісінің ойынша, жалақыны реттеген кезде "тек халық қана ұтып қоймайды, сонымен қатар, ішкі нарық та тынышталады". Себебі, бұл жағдайда белгілі бір уақытқа дейін халықтың төлем қабілеті жоғарылайды.

Ғалым пікірінше, жалақыны тоқтату арқылы инфляция деңгейін ұстап тұру тиімсіз. "Инфляцияның жоғары деңгейінде өмір сүре отырып, экономикасын алға жылжытып, адамдардың әл-ауқатын жоғарылатқан көптеген елдер бар", - деді ол. "Біздің ұсынып отырған нұсқамыз анау айтқандай осал емес, себебі бұл жалақының біраз мөлшері салық жүйесі, әсіресе, қосымша құн салығы арқылы бюджетке қайтып келмек", - деді Қазақстан коммунистік партиясының жетекшісі.

Оның пайымдауынша, бағаны орнықтыру бойынша үкімет шешімі нарық заңдарымен сәйкес келуі керек. "Егер үкімет әкімшілік жолмен нан өнімдеріне бағаны жасанды тоқтататын болса, онда баға ұзақ уақыт өзінің бұрынғы деңгейіне келе алмайды. Сондай-ақ, онда өзге де мәселелер бас көтереді: жетіспеушілік пайда болады. Ал жетіспеушілік жағдайында "көлеңкелі" экономика пайда болады", - дейді Серікболсын Ибділдин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны