31.10.2006, 18:42 6256

Қазақстан Малайзиямен арада туристік байланыстарды дамытудан мүдделі

АСТАНА. 31-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан Малайзиямен арада туристік байланыстарды дамытудан мүдделі. Бұл туралы бүгін еліміздің туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов Малайзияның туризм министрі Тенгку Аднан бин Тенгку Мансормен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Малайзияда еліміздің жиҺанкездері үшін жақсы жағдайлар жасалған. Баға мен сапаның арақатынасы ойдағыдай. Бір ғана кемшілігі - екі ел арасында тікелей әуе байланысы жоқ. Ол жаққа бару үшін тек Ташкент арқылы ғана қатынай алатындығымыз қолайсыздық туғызады",- деді Т.Досмұхамбетов. "Егер біз тым құрыса туристік маусым - жазда чартерлік рейстерді ұшыруды жолға қойып, туристерді соған дағдыландыра алсақ, біртіндеп туристермен тұрақты алмаса алар едік",- деді ол Малайзиялық әріптесіне. "Сіздің ел азаматтарының елімізге келуінен де мүдделіміз",- деді Т.Досұхамбетов.

Өз кезегінде Малайзияның туризм министрі өзі басқаратын мекеменің малайзиялық туристік операторлардың агенттерін қазақстандықтар үшін таныстық сапарларын ұйымдастыру мақсатымен осында жіберуді жоспарлап отырғанын жеткізді. "Біз өз еліміздің туристерін осында әкелуден мүдделіміз. Осында керемет тау шаңғысы базалары бар. Ал біздің ел тұрғындары үшін қар - таптырмайтын таңғажайып дүние",- деді ол.

ҚР туризм және спорт министрлігінің мәліметіне сәйкес, Малайзия жыл сайын 17 млн. туристі қабылдайды. Бұл саладағы кіріс 11 млн. долларды құрайды. 2007-жылы, Малайзияның туризм министрлігінің жоспарына сәйкес, елге 20 млн. шетелдік турист келеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны