12.09.2006, 13:03 3032

Қазақстан мемлекет басшысы халықаралық діни форумның беделі арта түскенін атап өтті

АСТАНА. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пайымдауынша, Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің алғашқы сьезінен бері форумның беделі арта түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Егер үш жыл бұрын біздің форумға 17 конфессияның өкілдері қатысса, осы жолғы сьезге қатысушы делегациялардың саны 29-ға жетті. Бұл үлкен қарқын және ол форумның беделі арта түскенін паш етеді",- деп мәлімдеді мемлекет басшысы Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ сьезін ашып сөйлеген сөзінде. "Бұл біздің өзара түсіністік жолымен бірлесіп алға жылжи түскенімізді, қазіргі заман туындатып отырған күрделі сауалдарға бірлесіп жауап іздеп жатқанымызды білдіреді",- деді президент.

Астанада 2003-жылы болған Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің І сьезі бүкіл дүниежүзінің назарын аударды, деді президент Н.Назарбаев. "Конфессиялар өкілдерін жаппай қамтыған мұндай әмбабап форум бұған дейін болған жоқ",- деді ол. "Астанадағы сол кездесу діндер арасындағы ғаламдық диалогқа, аймақтық және ғаламдық ауқымдағы түрлі конференциялар форумына тың серпін берді",- деді президент. Алғашқы форумнан кейінгі мерзімде дінаралық диалогтың маңызы арта түсті, деп пайымдайды Н.Назарбаев.

"Өкінішке орай, осы жылдары дүниежүзіндегі барлық құрлықтарда дерлік болған көптеген қайғылы оқиғалар басым шиеленістерді бір ғана саяси немесе күш қолдану жолымен шешуге болмайтынын екіұшты емес, тікелей айтып отыр",- деді ел президенті. Оның айтуынша, "Жаратушыны іздеу" деген желеумен барша ұлы ойшылардың айыптауына ұшырайтын аса қорқынышты арам пиғылдар жүзеге асуда. "Келесі жағынан қандайбір нақты дінді бірыңғай қаралау біржақты белең алуда", дейді президент.

"Өркениетті адам дегеніміз - кей кездері өзінің пікір-көзқарастарына күдіктене отырып, жағдайға басқаның көзімен қарауға қабілетті адам. Мұндай қасиет қайсібер саясаткерлерде жетіспей жатады. Бірақ бұл рухани деңгейі биік адамдарға тән қасиет. Бүгін осынау тамаша залда отырған адамдар осындай жандар",- деді Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны