22.06.2007, 14:23 3323

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы биыл былтырғы деңгейден 40 процентке артық

СЕМЕЙ. 22-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы биыл былтырғы деңгейден 40 процентке артық. Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарников журналистерге берген сұхбатында хабарлады.

"Екі ел арасындағы аймақаралық және шекаралық ынтымақтастық бізге тауар айналымының 710 процентін береді. Біздің биылғы тауар айналымымыз өткен жылғы көрсеткіштен 40 процентке артты. Былтыр жалпы жылдың көрсеткіш 13 млрд болған, тиісінше, биыл қанша болатынын осыдан болжай беруге болады",- деді М.Бочарников.

Өңірге сапары барысында Ресей елшісі Шығыс Қазақстан облысының басшылығымен болашақ ынтымақтастық бағыттарын талқылады. "Бізге бірінші кезекте аймақаралық және шекаралық ынтымақтастыққа қатысты жаңа жобаларды, соның ішінде жаңа әрі Қазақстан мен Ресейдің басшылығы көздеп отырған ортақ тұжырымдамалық схеманың шеңберінде болғаны жөн. Бұл тұрғыда әрбір жоспардың топжарғыш бола бермейтінін мен түсінемін, бірақ дейтұрғанмен, оның екі елдің де экономикасын модернизациялауға қызмет еткені дұрыс. Жоғары технологиялық және ғылыми сыйымдылығы жоғары салаларда белсенді әрі жақын ынтымақтастық орнатқан сайын өзімізге жақсы болмақ",- деді елші.

Ол сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің экономика саласымен қатар, ғылыми және білім беру салаларында да байланысты нығайту мүмкіндіктерін қарастырып жатқанын атап өтті. "Бұл жұмыстарды дер кезінде іске асырудың маңызы зор. Ал ол үшін табысты мерзім - біздің президенттеріміздің күзде Новосибирскіде өтетін кездесуінің кезі болмақ, онда мемлекет басшылары шекаралық ынтымақтастық мәселесін талқылайды",- деді М.Бочарников.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны