20.10.2006, 17:22 3202

Қазақстан мен Ресей іскерлік өкілдердің форумын өткізуге келісті

МИСКЕУ. 20-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Ресей іскерлік өкілдердің форумын өткізуге келісті. Бұл жөніндегі уағдаластыққа бүгін Мәскеуде Қазақстан елшісі Жансейіт Түймебаев пен Ресейдің Сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Евгений Примаковтың кездесуінде қол жеткізілді, деп хабарлайды Ресейдегі Қазақстан елшілігі.

Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына тоқталған тараптар екі елдің коммерциялық құрылымдары арасындағы тікелей байланыстарды пәрмендендіру, бірлескен іс-қызметке мейлінше тартымды құқықтық негіздер қалау, қазақстан мен Ресейдің бизнес-құрылымдарының үшінші елдердің нарығындағы мүддесін қорғауға жағдайлар жасау, екі елдің инвестициялық мүмкіндіктерін насихаттау қажет деген пікірге келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны