02.05.2007, 14:24 2978

Қазақстан мен Ресей шекарасында 700 литрден астам арақ алып өтпек болған екі деректің жолы кесілді

АЛМАТЫ. 2 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Ресей шекарасында 700 литрден астам арақ алып өтпек болған екі деректің жолы кесілді, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Ресейдің екі азаматы Қостанай облысының "Мағнай" күзеті аумағында құрықталған. Олар Қазақстанға екі "УАЗ" көлігімен 216 литр арақ алып өтпек болған.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысында "Шығанақ" күзетінің аумағында екі Қазақстан азаматы ұсталған. Олар екі арбамен Ресейге 500 литр арақ алып өтпек болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны