27.06.2013, 13:19 2927

Қазақстан мен Ресей шекарасында тұрғындар өтетін 6 орын жабылып, 7-уі қайта ашылады

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңды қабылдады.

Астана. 27-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Ресей шекарасында тұрғындар өтетін 6 орын жабылып, 7-уі қайта ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңды қабылдады.

Хаттаманың мақсаты Қазақстан мен Ресейдің шекара маңы өңірлерінде тұратын тұрғындардың мемлекеттік шекараны кесіп өтуі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Аталған келісімнің нәтижесінде қиылысатын орындар жаңа пункттермен толығады. Атап айтқанда Қазақстан тарапынан - Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы Қостанай, Жамбыл ауданындағы Айымжан және Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында Үлкен Қараой, Павлодар облысының Ертіс ауданында Ертіс, Ақтөбе облысының Ийтеке би ауданында Ийтеке би және Қобда ауданында Жиренқопа, Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында Казталов пункттері.

Сонымен қатар, осы тізілімдерден Қазақстан тарапынан - Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданындағы Қызыл Шемонайха, Бородулихин ауданындағы Буркотово мен Коростели, Павлодар облысының Галицкое-Успенский ауданындағы Екатеринославка, Солтүстік Қазақстан облысындағы М.Жұмабаев ауданындағы Суворовка пункттері жабылады.

Яғни, Қазақстан-Ресей шекарасынан жаңадан 7 өткізу орыны ашылып, қажеттілігі жоқ деп саналатын бұрынғы алтауы жабылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны