04.09.2015, 13:00 4335

Қазақстан мен Түркия 2016-2018 жылдарға арналған қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастық жоспарын құрды

Қазақстан мен Түркия қорғаныс министрліктерініӊ өкілдері автоматтандырылған басқару жүйелері, броньды техниканы, авиониканы, тікұшақтарды, қару-жарақ пен әскери техниканыӊ отандық өндірісін бірлесіп жаӊғырту саласында ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Астана. 4 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада қорғаныс өнеркәсібі саласында ынтымақтастық мәселелері бойынша қазақстандық-түрік комиссиясыныӊ 8-ші отырысы өтті. Қазақстан мен Түркия қорғаныс министрліктерініӊ өкілдері автоматтандырылған басқару жүйелері, броньды техниканы, авиониканы, тікұшақтарды, қару-жарақ пен әскери техниканыӊ отандық өндірісін бірлесіп жаӊғырту саласында ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Екі елдіӊ сарапшылары 2016-2018 жылдарға арналған қорғаныс өнеркәсібі саласында ынтымақтастықтыӊ жол картасы жобасын қарады. Оған жақын арада қол қойылады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қазір елімізде әскери және қос мақсаттағы өнімді өндірумен айналысатын бірқатар кәсіпорындар іске қосылған. "Зенит" Орал зауыты", "С.М. Киров атындағы машина құрастыру зауыты", "Тыныс", "Қазақстан Aselsan инжиниринг" қазақстандық зауыттар экспортқа әртүрлі корабльді жинақтаушыларды, торпедаларды, кемелік гидравликаны, авиациялық толымдаушыларды, заманауи жылу визиялық аспаптарды, көздеуге арналған линзаларды, түнгі көру аспаптарын ұсынады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрлігі қорғаныс өнеркәсібі кешені саласында халықаралық ынтымақтастықтыӊ ауқымын кеӊейтуде. Жақын арада Астанада қарулы күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды техникалық жабдықтау және Қазақстан Республикасыныӊ қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту" ІV Халықаралық әскери-ғылыми конференциясы өтті. Мұнда Қазақстан, Ресей, Беларусь, Франция және Түркияныӊ өкілдерімен әскери-техникалық кіріктіру және заманауи қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы өзара жеткізу, қазақстандық қорғаныс өнеркәсібі кешені мен әскери ғылымды дамыту перспективаларыныӊ мүмкіндіктері талқыға салынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны