05.05.2017, 17:52 7945

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ Қызылорда облысы бойынша өкілдігі имамдары құдайы астағы ысырапшылдық жайлы сөз етті

- Мұндай ысырапшылдықты дініміз де құптамайды,- дейді Т.Омаров. - Құдайы астыӊ ортақ мәзірі әзірленіп, көпшілікке ұсынылды. Мәзір бойынша тары, талқан, жеті нан, бауырсақ, құрма, шай мен су, ыстық ас қана болуы тиіс.

Қызылорда. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде ҚМДБ-ныӊ Қызылорда облысы бойынша өкілдігі орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітініӊ бас имамы Талғат Омаров пен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ директоры Бақытжан Камаловтыӊ қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Онда Елбасыныӊ қатысуымен өткен ІІ республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар туралы және және өӊірдегі діни ахуал мен мешіт тәртібі, мешіт жамағаттары үшін бекітілген арнайы ережелер жайы сөз болды.

Астана қаласындағы "Бейбітшілік және келісім" сарайында "Ислам және өркениет" тақырыбында ІІ Республикалық имамдар форумы өткендігі белгілі. Оған еліміздіӊ түкпір-түкпірінен 500 имам жиналған. Қызылорда облысынан 20 имам қатысып қайтты. Форумға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бастаған мемлекет және қоғам қайраткерлері мен Өзбекстан, Қырғызстан, Моӊғолия елдерініӊ бас мүфтилері, Ресейдіӊ Омбы, Алтай аймағыныӊ мүфтилері, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, дінтанушылар қатысып, игі бастамаға орай оӊ пікірлерін білдіріп, баяндама жасады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ жұмыс үдерісін жаӊа белестерге көтерген бұл тарихи құжаттардыӊ заӊды жалғасы ретінде ІІ республикалық имамдар форумында екі бірдей тарихи құжат талқыланып, қатысушылардыӊ бірауыздан мақұлдауына ие болды.

-Форумда "Үздік зияткер имам" тұжырымдамасы қабылданды. Аталған құжат дін қызметкерлерініӊ беделі мен білімін арттыру бағытындағы бірегей қадам деп білеміз. Имамдар форумында қабылданған келесі құжат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ ұстанымын айқындайтын "Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі - Қазақстандағы Исламныӊ дәстүрлі жолы". Бұл құжаттарды қабылдаудағы негізгі мақсат - бүгінгі ХХІ ғасыр талабына жауап беретін білімді, тәжірибелі, бірнеше мамандықты меӊгерген білімі жан-жақты имамдар тобын қалыптастыру. Сонымен қатар дәстүрлі мәзһабымыз - Ибу Ханифа мәзһабын жалпы халық арасында, әсіресе жастар арасында көбірек насихаттау болып табылады, - дейді Талғат Омаров.

Сондай-ақ, баспасөз мәлихатында құдайы ас дастарханы жайлы да әӊгіме болды. Жалған намыс жетегінде жүрген көпшілік Құдайы ас берудіӊ өзіндік әдебі мен тәртібін жиі ұмытады. Бірақ, шектен тыс шығынға батып, ысырап етуге болмайды.

- Мұндай ысырапшылдықты дініміз де құптамайды,- дейді Т.Омаров. - Құдайы астыӊ ортақ мәзірі әзірленіп, көпшілікке ұсынылды. Мәзір бойынша тары, талқан, жеті нан, бауырсақ, құрма, шай мен су, ыстық ас қана болуы тиіс.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны