27.12.2006, 16:56 2829

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

АЛМАТЫ. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының бастығы, Бас мүфти Ибсаттар қажы Дербісәлі қазақстандықтарды осы жылы жаңа жыл мерекесімен қатар келген алдағы Құрбан айт мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

А. Дербісәлі баспасөз мәслихаты барысында дәстүрлі мерекелік намаз - айт намазы Алматыда жергілікті уақыт бойынша 8 сағат 45 минутта басталатындығын хабарлады.

Бас мүфти құрбан шалу мейрамы үш күнге созылатындығын және әлемдегі мұсылмандардың басты мейрамы екендігін атап өтті. Ол жыл сайын хижра - мұсылман (ай) күнтізбесі бойынша зуль-хиджа айының оныншы жұлдызында басталатындығын еске сала кетті. Бұл мұсылмандар қажыға баратын қажылық айы. "Құрбан шалу мейрамы көп ғасырлар бұрынғы оқиғалармен байланысты және осы күні адамдар достық, тыныштық және келісім туралы дұға қылады", - деді бас мүфти.

Бас мүфти барлық қазақстандықтарға бақыт және амандық тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны