16.02.2015, 17:50 4154

Қазақстан "Өзбекстан-Түрікменстан-Иран-Оман" халықаралық көлік дәлізіне қосылды

2015 жылғы ақпанныӊ 15-інде Тегеран қаласында (Иран Ислам Республикасы) "Ашхабад Келісіміне" қатысушы елдердіӊ: Оман Сұлтанаты, Иран Ислам Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан өкілдерініӊ Үйлестіру кеӊесініӊ отырысы өткізілді

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылғы ақпанныӊ 15-інде Тегеран қаласында (Иран Ислам Республикасы) "Ашхабад Келісіміне" қатысушы елдердіӊ: Оман Сұлтанаты, Иран Ислам Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан өкілдерініӊ Үйлестіру кеӊесініӊ отырысы өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметініӊ мәліметінше, отырысқа Қазақстан делегациясын "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті басқарып барды. Отырыста сөз сөйлеген қазақстандық делегация басшысы Қазақстан аумағы арқылы Солтүстік-Оӊтүстік, Шығыс-Батыс ірі халықаралық көлік дәліздерініӊ өтетіндігін баяндады, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Еліміздіӊ географиялық қолайлы орналасуы мен Еуразиялық құрлықтағы мүмкіндігі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ ерекше бақылауында тұр. Себебі, Қазақстанныӊ стратегиялық даму бастамашылығында көліктік логистикалық хабқа айналдыру мен транзиттік әлеуетін арттыра түсудіӊ маӊызы зор. Қазақстан ғаламдық еуразиялық көлік жүйесін дамытуға мол үлес қосып келеді.

Қытай экономикасыныӊ дамуына орай жүк ағындарын Орта Азия, Иран және Парсы шығанағы елдеріне бағыттау бұрынғы дәстүрлі теӊіз жолынан құрғақ жер арқылы трансқұрлықтық бағдардыӊ қолайлы екендігі байқалып отыр.

Асқар Мамин өз сөзінде Қазақстанныӊ Ашхабад Келісіміне қатысушы елдермен қослып қосымша жүк ағындарын тарту әлеуетініӊ молдығын атап өтті.

Ашхабад Келісіміне қатысшы елдердіӊ арасындағы темір жол көлігі арқылы 2014 жылғы жүк айналымы 2013 жылмен салыстырғанда 2,3 миллион тоннаға артып, 10% өскен. Барлығы 25 миллион тонна жүкті құраған. Оныӊ 41 пайызын осы елдерге Қазақстан аумағы арқылы өткен транзиттік экспорттық жүктер құрады.

2020 жылдары Ашхабал Келісіміне қатысушы елдер мен Қазақстан арқылы өтетін жүктер жылына 40 миллион тоннаға жеткізілуі мүмкін.

Қазақстандық делегация басшысы Қазақстанныӊ "Ашхабад Келісіміне" қатысушы елдер Иран, Оман Сұлтанаты, Түрікменстан, Өзбекстан елдерімен бірлескен түрде халықаралық көліктік және транзиттік дәлізді бірлесіп пайдаланудан көп үміт күтіп отырғандығын жасырмады.

Ашхабад Келісіміне қатысушы "Өзбекстан -Түрікменстан- Иран-Оман" елдерініӊ өкілдері Қазақстанныӊ қатысуымен халықаралық транзиттік көліктік дәлізді одан әрі дамытуға қосылуын құптады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны