02.10.2007, 14:46 2867

Қазақстан полициясы бас бостандығынан айыру мекемелерінде болуы мүмкін жаппай тәртіпсіздіктердің алдын алды - ІІМ

Қазақстан полициясы бас бостандығынан айыру мекемелерінде болуы мүмкін жаппай тәртіпсіздіктердің алдын алды - ІІМ

Астана. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан полициясы бас бостандығынан айыру мекемелерінде болуы мүмкін жаппай тәртіпсіздіктердің алдын алды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Бағдат Қожахметов жаппай тәртіпсіздіктер жасау үшін қазақстан қылмыс әлемінің бетке ұстарлары Гүржістаннан "заң аясындағы ұрыларды" шақырған. "Олар біздің еліміздің түзету мекемелерінде қылмыскерлердің жаппай бағынбау акциясын ұйымдастыру үшін келген", - деді баспасөз хатшысы. Сонымен қатар, Бағдат Қожахметовтың мәліметтеріне сүйенсек, "елде ұрылар дәстүрін нығайту, қылмыс әлемінде беделділердің маңызын күшейту" көзделген.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы хабарлағандай, "Гүржістанның криминалдық беделділері қылмыстық ортада кең байланысы бар Қарағанды облысының бір кәсіпкерінің шақыртуымен келгендігі толық анықталған. "Қыркүйек айының басында арнайы жабық мекемелерге кіру мүмкіншілігін алып, "қараушылармен" еліміздің, әсіресе, республиканың оңтүстік аймағының түзету мекемелерінде тәртіпсіздіктер ұйымдастыру мәселелерін шешкен. Қамауға алынған екі адамның екеуінің де ұялы телефондарында криминалдық беделділердің абоненттік нөмірлері бар", - деп хабарлады Бағдат Қожахметов.

Сонымен бірге, Ішкі істер министрлігінің өкілінің хабарлауынша, қазақстандық жедел қызметкерлер "ТМД елдерінің қылмыстық әлемінің жоғарғы иерархиясының өкілдері" келгендігі туралы алдын-ала хабардар болған және "тиянақты дайындық жұмыстарын жүргізген". Нәтижесінде Гүржістанның екі азаматы тұтқындалған. Бағдат Қожахметовтың айтуынша, екеуі де бірнеше мәрте сотталғандар. Тұтқындау кезінде олардың бірінен салмағы 1 грамнан астам героин табылған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны