14.01.2008, 18:00 2861

Қазақстан премьер-министрі экологиялық салықты енгізу мәселелері бойынша жұмыс тобын құруды тапсырды

Қазақстан премьер-министрі экологиялық салықты енгізу мәселелері бойынша жұмыс тобын құруды тапсырды

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов экологиялық салықтарды енгізу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құруды тапсырды. Бұл туралы ол бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен экологиялық салықтарды енгізу мәселелері бойынша жұмыс тобын құруды және оған инвесторлар өкілдері мен халықаралық сарапшыларды енгізуді тапсырамын", -деді Кәрім Мәсімов. Премьердің пікірінше, бұл жеке құжат бола ма, әлде, қолданыстағы Салық кодексіне түзету түрінде қабылдана ма, осы мәселені айқындау қажет.

"Біз бұл мәселені жан-жақты зерттеп, халықаралық тәжірибені дәйектеуге тиіспіз", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны