03.09.2007, 12:02 1381

Қазақстан президенті еліміздің мектеп оқушылары үшін интерактивті сабақ өткізді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің мектеп оқушылары үшін интерактивті сабақ өткізді, оған Қазақстанның 1000 мектебінің оқушылары қатысты. Сабақ "Жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстан" тақырыбына арналды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің мектеп оқушылары үшін интерактивті сабақ өткізді, оған Қазақстанның 1000 мектебінің оқушылары қатысты. Сабақ "Жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстан" тақырыбына арналды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан үшін мектепте білім беру басымдыққа айналды", - деді Н. Назарбаев.

Ол алдағы бес жылда елімізде 250 мектеп салу жоспарланып отырғанын еске салды. Атап айтсақ, ағымдағы жылы жаңадан 65 мектеп ашылады. Мемлекет басшысы бұған қоса "Интернетке қосылған мектептердің саны да жыл санап өсіп келе жатқанын" атап өтті. Президенттің айтуынша, қазіргі жағдаймен еліміздегі мектептердің 97% желіге қосылған. Сонымен бірге мың мектепте интерактивті он-лайн кластар ашылған.

Президент "келесі жылы да осындай интерактивті он-лайн-кластар тағы мың мектепте ашылатынын " атап көрсетті. "Бұл біздің оқушыларымыз Астана мен Алматының, егер тіпті келісе алсақ, Мәскеудің де жетекші оқытушыларының дәрістерін тыңдай алады деген сөз", - деді Н. Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны