19.09.2012, 15:23 2972

Қазақстан Президенті солтүстік қазақстандықтарды мал шаруашылығын дамытуға шақырды

Елбасы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында "СК-Вагулинское" ЖШС ауыл шаруашылық алқабында болып, облыстың ауылшаруашылық құрылымдарының басшыларымен әңгімелесу барысында өңірде мал шаруашылығын дамыту қажеттігін атап көрсетті.

Петропавл. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев солтүстік қазақстандықтарды мал шаруашылығын дамытуға шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елбасы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында "СК-Вагулинское" ЖШС ауыл шаруашылық алқабында болып, облыстың ауылшаруашылық құрылымдарының басшыларымен әңгімелесу барысында өңірде мал шаруашылығын дамыту қажеттігін атап көрсетті.

"Етті тұрақты экспорттауды бастау қажет. Бүгінде кедендік шекара ашық, нарыққа қолжетімділік қамтамасыз етілген. Кеден одағындағы қазіргі кезеңде біз өзіміздің аграршылар үшін баға саясатының тиімді болуына көмектесеміз. Дегенмен, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және өндіріс көлемін ұлғайтуға ұмтылу керек", -деді Мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны