18.12.2008, 18:36 3092

Қазақстан президентіне еліміздегі ана мен баланың өліміне қатысты жағдай жөнінде ай сайын ақпарат берілетін болады - Досқалиев

Қазақстан президентіне еліміздегі ана мен баланың өліміне қатысты жағдай жөнінде ай сайын ақпарат берілетін болады - Досқалиев

Астана. 18 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президентіне еліміздегі ана мен баланың өліміне қатысты жағдай жөнінде ай сайын ақпарат берілетін болады. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мекеме басшысы Жақсылық Досқалиев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ана мен баланың өліміне қатысты әрбір оқиғаны төтенше оқыс оқиға ретінде қарастырып, нақты шаралар қолдану, балалық пен босануға жәрдемдесу мәселелерін реттейтін заңнама мен нормативтік-құқықтық актілердің тиісінше орындалуын бақылау қажет. Мемлекет басшысын хабардар ету үшін талдамалық анықтаманы ай сайын дайындау қажет болмақ", - деді Ж. Досқалиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны