20.01.2010, 10:16 2036

Қазақстан президентінің қызы Женевадағы ең қымбат вилланы сатып алды

Қазақстан президентінің қызы Женевадағы ең қымбат вилланы сатып алды

Алматы. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан президентінің қызы Динара Құлыбаева Женева үшін рекордтық баға - 74,7 миллион франк төлеп, Швейцариядағы өзен жағалауында орналасқан аумағы 8000 шаршы метрлік жер учаскесін сатып алды, деп хабарлайды "Наша газета" басылымы.

Жер учаскесі Аньер коммунасында, Женева көлінің жағалауында орналасқан. Жерді ресейлік бизнесмен Рустам Аксененко сатқан.

Tribune de Genеve атап өткеніндей, Д.Құлыбаева жердің бетінде үш, астында екі құрылысы бар, аумағы 7960 шаршы метр жер учаскесін сатып алған. Жер бағасы - 74,7 млн франк. Бұл әзірге Женевада жылжымайтын мүлікке берілген ең үлкен баға дейді басылым.

42 жастағы Динара Құлыбаева - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы. Forbes журналы 2007 жылы оны әлемдегі ең ықпалды адамдардың тізіміне енгізген. Журналдың есебі бойынша, оның байлығы шамамен $2,1 млрд болған.

"Ол - Тимур Құлыбаевтың, елдегі ең ірі кәсіпкер, KazEnergy басшысы әрі республиканың бокс федерациясының төрағасының жұбайы", - пдеп жазады газет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны