10.04.2007, 18:49 3175

Қазақстан президентінің пікірінше, мемлекеттік тілді енгізу кезеңмен жүзеге асырылуы тиіс (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 10 сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан президентінің пікірінше, мемлекеттік тілді енгізу кезеңмен жүзеге асырылуы тиіс. Бұл жөнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше жетекші телеарналардың тікелей эфирінде өткен журналистермен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. "Халықтың бір бөлігіне жаққысы келетін шенеуніктер мен әкімдер іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді енгізу үшін бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлердің тіл білуі қажеттігін білдіретінін түсінуге тиіс",- деді мемлекет басшысы. "ол үшін уақыт керек, тілді біртіндеп енгізу қажет",- деді ол.

АСТАНА. 10 сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан президентінің пікірінше, мемлекеттік тілді енгізу кезеңмен жүзеге асырылуы тиіс. Бұл жөнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше жетекші телеарналардың тікелей эфирінде өткен журналистермен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Халықтың бір бөлігіне жаққысы келетін шенеуніктер мен әкімдер іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді енгізу үшін бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлердің тіл білуі қажеттігін білдіретінін түсінуге тиіс",- деді мемлекет басшысы. "Ол үшін уақыт керек, тілді біртіндеп енгізу қажет",- деді ол.

"Үкіметке , мемлекеттік шенеуіктерге қазақ тілін тегін үйрету үшін барлық оқулықтар мен әдістемелерді жасау үшін қаражат бөлу туралы тапсырма берілді ", деді президент.

Елбасы, іс жүргізу немесе мемлекеттік шаралар мемлекеттік тілде жүргізілуі мүмкін", "егер залда синхронды аударма болса немесе баяндама мәтіні тіл білмейтіндерге берілсе ешкімнің құқығы шектелмейді", деді.

"Ересек адамдардың тіл білмегені, оларға үйретпегеніне , ешкім кінәлі емес қой. Бір мезетте оларға біз : "сен ертең бәрін меңгеруің керек, немесе бұл жерден кетесің" дей алмаймыз ғой. Азаматтардың бәрін Конституция, біздің заңдар қорғайды", деп атап өтті ол.

Бір жағынан, "қазақ тілі -мемлекеттік тіл, ол тек бір ғана ұлттың тілі болып қалмауы тиіс, барша қазақстандықтарды біріктіретін тіл ретінде оған бәрі де талпынуы керек".

"Бүгінде қазақ тілін кез-келген қазақтан жақсы меңгерген өзге ұлттың жастарына, студенттері мен оқушыларына ризамын. Мен осы тіл білетін жігіттер мен қыздарды жүргізуші ретінде жұмысқа алып жатқан телеарналарды мадақтаймын және қолдаймын. Және осы жастардың барлық аймақтарда мемлекеттік қызметтерге алынуына тапсырма беріп жүрмін. Бұл - ынталандыру. Біз тіпті қазақ тілін білетіндерге қосымша ақы төлеу туралы әңгіме қозғадық", деп атап өтті президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны