08.02.2016, 14:40 8177

Қазақстан Республикасы ІІМ Көліктегі ішкі істер департаменті Орал станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінде 2015 жылдыӊ жедел-қызметтік жұмысы қорытындыланды.

2016 жылдыӊ 27 қаӊтарында Орал станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінде ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаменті Икімшілік полиция басқармасыныӊ бастығы полиция полковнигі Садықов Нұрлан Башбайұлы қатысқан жедел кеӊес өткізілді

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 27 қаӊтарында Орал станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінде ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаменті Икімшілік полиция басқармасыныӊ бастығы полиция полковнигі Садықов Нұрлан Башбайұлы қатысқан жедел кеӊес өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кеӊес барысында қылмыстылықпен күресуге, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қылмысты тергеу және ашу, жолын кесу, алдын алу бойынша жұмыс сапасын көтеруге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру нәтижесінде Батыс Қазақстан облысындағы темір жол және әуе көлігі объектілеріндегі жағдай қалыпты және болжамды екендігі айтылды.

Көліктегі ішкі істер органдарыныӊ алдына қойылған тапсырмалар шұғыл және кәсіби түрде шешімін табуда.

Есептік кезеӊ ішінде тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтар саны 6,25%-ға өскен (60-тан 64-ке), соныӊ ішінде: 45 қылмыс және 19 қылмыстық теріс қылық. "Ауыр" санатындағы қылмыстық құқықбұзушылықтардыӊ ашылуы 100,0%-ды (ӨЖОК- 100,0%) құрады, "орташа ауырлықтағы" санатындағы қылмыстық құқықбұзушылықтар 89,8% -дан 100,0%-ға дейін өскен, "онша ауыр емес" санатындағы қылмыстық құқықбұзушылықтарды ашу 2014 жылғы деӊгейде, яғни 92,3%-ды құрады.

Жедел алдын алу шаралары кешенін өткізу нәтижетінде аса ауыр қылмыстық құқықбұзушылықтардыӊ жасалуы, сонымен қатар адам өлтірумен, ауыр дене жарақатын келтірумен, зорлаумен, өртеумен, лаӊкестікпен байланысты қылмыстар болған жоқ.

ІІО қызметініӊ басым бағыттарыныӊ бірі - есептік-тіркеу тәртібіне де ерекше назар аударылды. Қабылданған шаралармен есептік кезеӊ ішінде қылмыстық құқықбұзушылықтарды жымқыру фактілері орын алғанмаған.

Аталмыш кеӊесте есірткініӊ заӊсыз өту фактілерін анықтаудыӊ өсуі, сонымен қатар жылжымалы құрамнан жүктерді ұрлаумен байланысты қылмыстарды ашумен және алдын алумен байланысты кешенді шаралар қабылдау аясында есептік кезеӊ ішіндегі есірткі құралдары мен прекурсорлардыӊ заӊсыз айналымымен күрес жұмысына баға берілді.

Толықтай алғанда жұмсалған күш-жігер жедел жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік берді.

ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаменті Икімшілік полиция басқармасыныӊ бастығы полиция полковнигі Садықов Нұрлан Башбайұлы ІІЖб қызметкерлерін іздестіру, тергеу, алдын алу жұмысын жандандыруға, өзіндік тәртіпті көтеруге, жұмыста табандылық пен үдемелілік танытуға шақырды.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ "Қазақстан жаӊа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына Жолдауы талаптары аясында басты бағыттарды ескере отырып, ішкі істер органдарыныӊ басты мақсаттары анықталды.

Орал ст. Ішкі істер желілік бөлімі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны