12.04.2007, 18:39 3845

Қазақстан Республикасының адвокаттар одағының президенті "Шаңырақтағы" қақтығыс алқа билер сотында қаралуға тиіс, деп санайды

АСТАНА. 12 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының адвокаттар одағының президенті Инуар Түгел "Шаңырақ" ықшамауданында болған қақтығысқа байланысты сот талқылаулары алқа билердің қатысуымен өтуге тиіс, деп санайды. Ол бүгін мұндай пікірін Конституциялық кеңес отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мен сот сот жүйесін бұл істен бойын аулақ ұстауға кеңес берем, себебі бұл қоғамда үлкен шу тудырған іс, сол себепті оған қатысты кәсіби сот тарапынан шығарылған кез-келген шешім екіұдай қабылдануы мүмкін",- деп санайды И. Түгел.

Ол "бойын аулақ ұстау" деген сөзді ол істі кәсіби соттар емес, алқа билердің қарауы керектігін айтқысы келгендігімен түсіндірді.

"Қабылданған шешімді қоғам дұрыс және лайықты қабылдауы үшін, істі алқа билер сотына беру керек. Сіздер бұған қызығушылық танытуларыңыз керек. Қазір өздеріңізге мұндай жауапкершілікті алу, меніңше, мүдделеріңізге қайшы келеді",- деп мәлім етті И. Түгел Конституциялық кеңестің отырысына қатысып отырған Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының қадағалау алқасының төрағасы Анатолий Смолинге қарап айтқан сөзінде.

"Мен Конституциялық кеңестен істері облыстық және оларға тең соттарда қаралып жатқан барлық адамдарға алдын-ала тергеу жұмыстарының қашан аяқталғандығына қарамастан, алқа билер сотының алдында жауап беруге мүмкіндік беруін сұраймын",- деп қосты Қазақстан Республикасының адвокаттар одағының президенті.

Бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Конституциялық кеңесі парламенттің бір топ депутаттарының өтініші бойынша бүгін алқа билер сотының жұмыс істеуіне қатысты Ата заң нормаларына түсініктеме беру үшін отырыс өткізген. Депутаттардың кеңеске сауал жолдауына Алматы қалалық сотының "Шаңырақ" және "Шаңырақ-1" ықшамаудандарында болған тәртіпсіздіктердің салдарынан тәртіп сақшысының өлтірілуіне байланысты қылмыстық іс бойынша айыпталғандарға қатысты қылмыстық істі алқа билердің қатысуымен қарау туралы өтінішті қабылдамай тастауы себеп болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны