08.12.2009, 13:41 3127

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі елімізде пневмониядан болатын өлімнің артуын өткір респираторлық вирусты жұқпаның көбеюімен байланыстарды

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі елімізде пневмониядан болатын өлімнің артуын өткір респираторлық вирусты жұқпаның көбеюімен байланыстарды

Астана. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев елімізде пневмониядан болатын өлімнің артуын өткір респираторлық вирусты жұқпаның көбеюімен байланыстарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Биыл, бір өкінерлігі, тіпті өткір респираторлық вирусты жұқпаның өзі вируленттілігі мен улылығы бойынша толқындық сипатқа ие болды. 2004 жылы осындай жағдай байқалған, ол биыл тағы да қайталанып отыр. Бұл вирус иммундық жүйені зақымдайды және тиісінше адамның ағзасындағы микроорганиздер агрессиялық сипатқа көшеді. Соның салдарынан жалпы немесе ақпа пневмония түрлері пайда болуда", - деді Ж. Досқалиев.

"Бір өкінерлігі, адамдар өлімі болды. Ирине, бірінші күдік A (H1N1) вирусына түскені белгілі, бірақ, зертханалық талдаулар бұл бұл жұқпаны растаған жоқ деп мен сіздерді сендіремін. Бұл өткір респираторлық вирусты жұқпамен бірге елімізге толқын тудыра келген пневмония", - деді ол.

Оның айтуынша, өткір респираторлық вирусты жұқпа көбейген сайын пневмонияға шалдығу да көбейеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны