30.12.2014, 16:38 3916

Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі К. Мәсімовтіӊ Ішкі істер министрлігініӊ емханасы бар орталық госпиталініӊ ашылуына қатысты

Орталық госпиталь - 212 орындық, емхана стационары - бір ауысымда 500 адамды қабылдай алады.

Астана. 30 желтоқсан. Kazakhstan Today - 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ішкі істер министрлігініӊ емханасы бар орталық госпиталін салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Емханасы бар орталық госпиталь халықаралық стандарттарға жауап бере алатын заманауи медициналық және зерттеу жүргізуге арналған құрылғылармен жабдықталған. Оныӊ қызметі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге түсетін ауыртпалықты азайта отырып, бірыӊғай ақпараттық жүйені құру және ауруларды, әлеуметтік маӊызы бар аурулар деӊгейін төмендету арқылы медициналық көмек көрсетудіӊ халықаралық қағидаттарына өтуге себепші болады.

Қазіргі таӊда ІІМ ЕБОГ қаланыӊ жетекші емханаларымен, "Астана медициналық университеті" АҚ-мен, операцияларға және ем жүргізуге қатысатын хирургия, урология, кардиология, неврология, терапия кафедраларыныӊ қызметкерлерімен ынтымақтастық жөнінде келісімге қол жеткізді.

Орталық госпиталь - 212 орындық, емхана стационары - бір ауысымда 500 адамды қабылдай алады. Жаӊа госпиталь республика бойынша барлық тіркелуші контингентке медициналық көмек көрсетеді. Арнайы көмекке зәру құқық қорғау органдарыныӊ қызметкерлері, олардыӊ отбасы мүшелері, құқық қорғау органдарыныӊ ардагерлері тұрғылықты мекенжайына қарамастан жоспарлы тәртіпте ем қабылдай алады.

ІІМ-ніӊ емханасы бар орталық госпиталі - министрліктіӊ әлеуметтік саясатыныӊ бөлшегі. Оныӊ қызметі қоғамдық тәртіпті сақтаудыӊ және азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз етудіӊ тиімділігін арттыру үшін дені сау әрі жан-жақты мықты кадрлық ресурсты қалыптастыруға бағытталған.

Орталықтыӊ ашылу салтанатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов әлемдік экономикадағы жағдайға қарамастан, ел Президенті Н.И. Назарбаевтыӊ әлеуметтік қамтамасыз етудіӊ маӊызды аспектілеріне ерекше мән беріп отырғанын атап өтті. Үкімет қаражат бөліп, елорда Икімдігі денсаулық сақтау объектілерініӊ қатарынан жер орнын бергені Орталықтыӊ елорданыӊ жүйелі құрылып жатқан медициналық кластерімен бітеқайнаса қызмет етуіне оӊ ықпалын тигізетіні сөзсіз.

Сөзініӊ қорытындысында Қ. Қасымов "Астанаға көшірілген кезден бастап күткен ҚР ІІМ-ніӊ емханасы бар орталық госпиталініӊ ашылуымен ішкі істер органдарыныӊ қызметкерлері мен ардагерлеріне көрсетілетін медициналық көмектіӊ сапасы едәуір жақсарады" - деді.

Қазақстан Республикасы ІІМ-ніӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны