26.06.2008, 10:32 1605

Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі қызметінен босатылды

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Дүйсен Қасейінов қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Қасейінов Дүйсен Құрабайұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі қызметінен босатылды", - деп көрсетілген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Д. Қасейінов - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ир жылдары ол мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің орынбасары, мәдениет министрі, Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның бас хатшысы, ҚР СІМ арнаулы тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметтерін атқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны