04.02.2015, 21:52 4252

Қазақстан шахмат федерациясы қызметін тоқтатты

Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылдыӊ 1 ақпанынан бастап қызметін уақытша тоқтатты. Бұл туралы федерацияныӊ ресми сайтында жария етілді

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан шахмат федерациясы 2015 жылдыӊ 1 ақпанынан бастап қызметін уақытша тоқтатты. Бұл туралы федерацияныӊ ресми сайтында жария етілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2015 жылдыӊ 21 қаӊтарынан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ елдегі және әлемдегі экономикалық дағдарысқа байланысты өзініӊ қайырымдылық және демеушілік қызметін тоқтататыны туралы хабарлайды", - деп жазылған ресми хабарламада, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Осыған байланысты федерацияныӊ да жұмысы тоқтады, өйткені, бұл салаға қосымша қаржы қарастырылмаған. Сөйтіп, шахматтан Қазақстан біріншіліктері мен кубоктарын өткізу уақытша тоқтатылды, спортшылар халықаралық турнирлер мен оқу-жаттығу жиындарына жіберілмейді. Шәкіртақы мен жалақы да берілмейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны