07.08.2015, 10:39 3168

Қазақстан "Танк биатлоны-2015" сайысыныӊ көшбасшылар үштігінде

Алабино полигонында "Танк биатлоны" экипаждары жеке сайыстарыныӊ қорытындысы шығарылды, сондай-ақ жарыстыӊ жартылай финалында күресті жалғастыратын сегіз команданыӊ аты аталды.

Астана. 7 Тамыз. Kazakhstan Today - Алабино полигонында "Танк биатлоны" экипаждары жеке сайыстарыныӊ қорытындысы шығарылды, сондай-ақ жарыстыӊ жартылай финалында күресті жалғастыратын сегіз команданыӊ аты аталды. Сонымен, жеке және жалпы командалық есепте үздіктер үштігінде Қазақстан, Ресей және Қытай танкішілері, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталып өткендей, Үндістан мен Армения төртінші және бесінші орында. Сегіздікті Сербия, Қырғызстан және Тәжікстан жабады. Кувейт, Моӊғолия, Венесуэла, Ангола мен Никарагуа "Танк биатлонынан" шығып кетті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Қазақстан командасыныӊ шеберлігі анағұрлым шыӊдалған. Нәтижелер өте жақсы. Өткен жылмен салыстырғанда бәсекелестік күшейген. Ойындар өте сәтті. Бұл машиналар мен экипаждардыӊ сайысы ғана емес, бұл елдер арасындағы достастық", - деді РФ ҚК Құрлық әскерлерініӊ бас қолбасшысы генерал-полковник Олег Салюков.

Жеке жарыстыӊ басынан бастап "Танк биатлонындағы" негізгі күрес Қазақстан мен Ресей арасында өрістетілді. Екі елдіӊ экипаждары теӊбе-теӊ келе жатты. Командаларды бірнеше ұпай ғана бөліп тұрды.

Енді танкішілерімізге соӊғы "Эстафета" кезеӊінде сәтті өнер көрсетіп, шешуші кезеӊге сытылып шығу қажет. Онда мықты командалардыӊ ішінен "Танк биатлоны-2015" жарысыныӊ бір жеӊімпазы анықталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны